8. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?
а) 23 %; б)46 %; в) 77 %; г) 30 %; д) 66 %.
9. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі...
а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;
б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;
в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;
г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10.Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?
а) 1,67; б) 3,22; в) 2,7; г) 2,5; д) 1,32.
Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы. Тест А-1
1.Шыны таяқшаны электрлегенде оның заряды 6,4·10Кл болды.Шыны таяқшаның массасы...
а) 3,6·10кг шамасына артты; б) 3,6·10кг шамасына кеміді; в) 1,8·10кг шамасына артты; г) 1,8·10кг шамасына кеміді; д) таяқшаның массасы өзгермеді.
2.Пластмасса сызғышты жүнге үйкегенде сызғыш теріс зарядталады.Бұның себебі:
а) электрондар сызғыштан жүнге ауысады; б) протондар сызғыштан жүнге ауысады;
в) электрондар жүннен сызғышқа ауысады; г) протондар жүннен сызғышқа ауысады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
3.Нүктелік зарядтан 12см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 36В/м болса, онда осы зарядтан 8см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қандай болады?
а) 16 В/м; б) 24 В/м; в) 81 В/м; г) 54 В/м; д) 72 В/м.
4.Егер өзара әсерлесу күші 1,8 Н болса, 0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік екі заряд бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан?
а) 10см; б) 1см; в) 1м; г) 0,1 см; д) 10см.
Достарыңызбен бөлісу: |