Физикадан факультатив сабақтардың маңызы және мақсаты,оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі


Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы



бет5/6
Дата16.06.2022
өлшемі1,81 Mb.
#146712
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14-15-16

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы - Қатты денелердің, сұйыктардың және газдардың барлык қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондыктан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен-бірі қалай әрекеттесетінін, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік. Мынадай тәжірибе жасайык. Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолынды үстелге қой. Кітапты алаканыңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен кысып бас.
Сол қолың қысымның артуын сезе ме?Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір колыңмен кітапты үстінен ақырын бас,екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол косымша кысымды сезе ме?
Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір ғана бағытта (сыртқы әрекет күшінің бағытында ғана) тарататынына көз жеткізуге болады.
Мұны қатты денені құрайтын молекулалардың белгілі бір ретпен орналасатыны және олардың кандай да бір нүктенің төңірегінде тербеліп қана қозғалатыны әрі молекулалардың осы нүктеден алыс ұзап кете алмайтыны аркылы түсіндіре аламыз. Ал енді сұйықтар мен газдарда кысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан-жакка бірдей таратады.
Ауаның кысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын резеңке шарды, колдопты және т.б. үрлеген кезде бақылауға болады.Үрлеген кезде ауаның бір бағытта берілетініне қарамастан, шар немесе доп барлык бағытта біркелкі ұлғаяды. Бұл - катты дененің қысымды жеткізу процесінен мүлдем өзгеше кұбылыс.
Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағыт-бірдей ұзындықта шапшып немесе будактап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.
Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сүйықтар мен газдардың кысымды барлық жаққа. бірдей жеткізетінін дәлелдеді. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
Сұйықтар мен газдардың қысымды барлык. жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен түсіндіріледі

  1. Бақылау сабағының үлгілік жоспарын жаз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет