Физикадан факультатив сабақтардың маңызы және мақсаты,оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі



бет6/6
Дата16.06.2022
өлшемі1,81 Mb.
#146712
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14-15-16

16-билет

  1. Физика бойынша өтілетін кластан тыс жұмыстардың маңызы,оларды ұйымдастырып өткізудің жолдары.

Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты. Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру.Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді: 1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады: бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу. физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау). физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу. оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, рефератбаяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу). Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді. 2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету; қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу; физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б. Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15- тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады: 1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай ) а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау; г) көрнекіліктер жасау; е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою. II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат) а) кеш өтетін бөлмені безендіру; ә) кешті жүргізу, өткізу; б) кештің материалдарын жинау; III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау: а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу; в) кешті қорытындылап, баға беру. Физика және техника бойынша үйірмелер Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады. Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.



  1. «Механикалық энергия, Механикалық энергияның сақталу заңы» тақырыбын оқыту әдістемесі.





  1. Лабораториялық өлшеуіш құралдарын қалай сақтайсың және оның пайдаланудің әдісін көрсет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет