Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»



Дата05.09.2022
өлшемі22,2 Kb.
#148732
түріСабақ
Байланысты:
1-тәрбие сағат қмж


Айналайын – анашым
Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме.
Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.
«Ананың көңілі балада,
баланың көңілі далада»
Анаңды Меккеге арқалап барсаңда
қарызынан құтыла алмайсын, 
«Ана - өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.
Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Сіздердің алдыларыңызға 9 сынып оқушыларының «Айналайын - Анашым» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз едіосынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты шдырын тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Айналайын – Анашым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
«Анаға хат» әні орындалады
Оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген байтірегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
Оқушы: Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Оқушы: Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі
Оқушы: Айгөлек-ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Аналардың тойында
Би билейміз дөңгелеп
Достықты біз ойлаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
Оқушы: Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
Қазақша би: қыздар
Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Көрініс: қатысушылар: Ұлдар
Оқушы: Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын құады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.
Оқушы: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Оқушы: Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын
Оқушы: Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махабатты
Нұр толы қос жанарың білідіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
Ағылшынша би: 6 сынып
Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
«Анаға сәлем» әні орындалады.
Оқушы: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Оқушы: Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Ана дамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туып тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.
Ағылшынша би: Ұлдар
Көрініс қатысушылар: 
Хор: Мнің Қазақстаным гимні
Сөзі: Жұмакен Нәжімедденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов


Мұғалім: 
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп: 
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді: 
-Әкеңе,-деді . 
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет