Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



бет86/132
Дата11.12.2021
өлшемі173,93 Kb.
#99183
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   132
Байланысты:
Абзер 100 бет

Дүние жүзінің табиғат ресурстары

  1. Адамзаттың өзіне қажетті материалдық және рухани игіліктерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғат байлықтары: табиғат ресурстары

  2. Табиғат ресурстары: агроклиматтық, минералдық, су ресурстары, жер ресурстары, рекреациялық, биологиялық

  3. Отын-энергетикалық ресурстар (көмір, мұнай, газ), кенді пайдалы қазбалар (металдар), кенсіз пайдалы қазбалар (тұз, фосфор, асбест), құрылыс материалдары (құм, саз, қиыршық тас, мәрмәр, т.б.) жатады: минералдық ресурстарға

  4. Сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстарға жатады: минералдық ресурстар

  5. Жылу, ылғал жатады: агроклиматтық ресурсқа

  6. Сарқылмайтын табиғат ресурстары: климаттық ресурстар

  7. Жерасты сулар, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, т.б. жатады: су ресурстарына

  8. Сарқылатын, қалпына келетін ресурс: су ресурстары

  9. Жердің су қабатында тұщы судың мөлшері: 2,5%

  10. Тұщы судың басым бөлігі жинақталған: Антарктида, Гренландия, Арктика мұздарында

  11. Егістік, бау-бақша, шабындық, жайылым, ормандар мен бұталар, елді мекендер, өнеркәсіптік және қалалық жерлер, пайдалануға жарамсыз жерлер (мұздар, батпақ, шөлдер, т.б.) жатады: жер ресурстарына

  12. Сарқылатын, қалпына келетін ресурс: жер ресурстары

  13. Жер қоры аз, халқы тығыз қоныстанған кейбір елдер: теңіз жағалаулары есебінен жер қорларын толықтыруда (Жапония, Нидерланды)

  14. Өсімдіктер мен жануарлар, сарқылатын, қалпына келетін ресурс: Биологиялық ресурстар

  15. Дүние жүзіндегі 2 орман белдеуі бар, олар: солтүстік орман белдеуі, оңтүстік орман белдеуі

  16. Қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан және қылқан жапырақты ормандар басым (АҚШ, Ресей, Финляндия, Швеция, Канада): солтүстік орман белдеуі

  17. Экваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан, белдеуде мәңгі жасыл тропиктік ормандар басым, бірақ олардың ауданы күннен күнге кемуде (Латын Америка, Азия, Африка): Оңтүстік орман белдеуі

  18. Африка өзінің орман ресурстарының неше пайызын жоғалтты: 50%

  19. Латын Америкасы мен Азия өздерінің орман ресурстарының неше пайызын жоғалтты: 40%

  20. Демалыс пен туризмге қажетті ресурстар болып есептеледі: рекреациялық ресурстар (рекреация – қалпына келтіру)

  21. Теңіз жағалаулары, көрікті жерлер, таулы туризм аудандары, мәдени-тарихи орындар, табиғат ескерткіштері, емдік саз балшықтар жатады: рекреациялық ресурстарға

  22. Дүниежүзілік мұхит ресурстарына кіреді: минералды, биологиялық, су-энергетикалық ресурстар

  23. Онда барлық химиялық элементтер болғандықтан, мұхиттың минералды сулары деп бірінші кезекте атауға болады: мұхит суын

  24. Мұнай мен газдың біршама қоры шоғырланған: Мұхиттың қайраңдық бөліктерінде

  25. Дүниежүзілік мұхиттың су-энергетикалық ресурстары ретінде пайдаланады: мұхит суының толысу және қайтуы энергиясы

  26. Біршама толысу энергиясы ресурстарына ие елдер: Ресей, Франция, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Аргентина, АҚШ

  27. Мұхиттар мен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар: мұхиттың биологиялық ресурстары

  28. Адам тұтынатын теңіздік өнімдердің 85%-ын құрайды: балық

  29. Ғалымдардың есептеуінше мұхиттың биологиялық ресурстары қанша адамды асырауға жетеді: 20 млрд.

  30. Күн мен жел энергиясы, геотермальды ресурс (гейзерлер), су-энергетикалық ресурс жатады: энергетикалық ресурстарға

  31. Сарқылмайтын табиғат ресурстары: энергетикалық ресурстар

  32. Жер бетіне жететін Күн энергиясын пайдаланудың тиімділігі зор: тропиктік белдеудегі шөлді елдерде

  33. Адамдар ежелден пайдаланып келе жатқан қоңыржай ендіктердегі жел энергиясының басты кемшілігі: тұрақсыздығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет