|
Ұлыбритания
Жер көлемі: 244 мың шаршы шақырым
|
бет | 76/86 | Дата | 16.09.2022 | өлшемі | 174,85 Kb. | | #149783 |
| Байланысты: АБЗЕРОВ ГЕОГРАФИЯ ТОЛЫҚ НҰСҚАҰлыбритания
Жер көлемі: 244 мың шаршы шақырым
Астанасы: Лондон (Темза өзенінің бойында орналасқан)
Халқының саны: 62,2 млн адам (1 км2 – 241 адам)
Мемлекеттік құрылымы: конституциялық монархия
Мемлекет басшысы: королева (II Елизавета )
Үкімет басшысы: премьер-министр
Заң шығару органы: парламент
Ақша бірлігі: фунт стерлинг
Ұлыбритания бір елмен ғана құрлықтық шекарасы бар көне конституциялық монархиялы мемлекет: Ирландия
Ұлыбританияның аумағы 4 провинциядан тұрады: 1.Англия, 2.Шотландия, 3.Солтүстік Ирландия, 4.Уэльс
Ұлыбританияның иелігіндегі аумақ болып саналады: Гибралтар
Ірі қалалары: Лондон, Манчестер, Бирмингем
Қала халқының үлесі: 89%
Королева резеденциясы орналасқан: Букингем сарайында
Парламент үйі орналасқан: Весминстер сарайында
Ұлыбританияның ең биік нүктесі: Бен-Невис тауы
Климаты: қоныржай, типі-қоңыржай теңіздік
Ірі көмір кен орындары: Уэльс, Йоркшир
Мұнайды өндіреді: Солтүстік теңіз алабынан
Ұлыбритания кеме жасайтын ауданы: Глазго ауданы
Автомобиль,станок жасайтын аудан: Бирмингем
Тоқыма өнеркәсібіне жабдық жасаудан көзге түскен аудан: Манчестер ауданы
Ұлыбритания басқаратын Достастықтың құрамына неше мемлекет кіреді: 50
Италия
Жер көлемі: 301,3 мың шаршы шақырым
Астанасы: Рим
Халқының саны: 60,5 млн адам
Мемлекеттік құрылымы: парламенттік республика
Заң шығару органы: 2 палаталы парламент (сенат және депутаттар палатасы)
Әкімшілік-аумақтық бірлігі: 20 облыс (облыстар 94 провинцияға бөлінген)
Италияның аумағына кіреді: Сицилия,Сардиния аралдары
Ірі қалалары: Милан, Неаполь, Турин, Генуя, Палермо
Ақша бірлігі: еуро
Апеннин түбегінде орналасқан жерортатеңіздік мемлекет: Италия
Италия аумағында Сан-Марино Республикасы мен Рим қаласының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет: Ватикан
Ватикан жер көлемі: 0,44 шаршы шақырым болатын дүние жүзіндегі ең кіші мемлекет
Ватикан халық саны: 1000 адам (туу деңгейі 0-ге тең)
Ватиканның тілі: латын,итальян
Ватиканның ақша бірлігі: еуро
Католиктердің қасиетті жері: Ватикан
Мемлекетке табыс түседі: католик шіркеулерінің салымы, пошта маркаларын сатудан
Ватиканның діні: христиан (католиктер)
Маманданған салалары: шарап жасау, машина жасау, аяқ-киім, жүзім өсіру, туризм
Ең ірі порты: Генуя
Италияда салынған: Еуропадағы ең ұзын тас жол (1200 км) – «Күн жолы»
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|