Күй параметрлерге тәуелді және тура өлшене алмайтын айнымалы шамалар – термодинамикалық функциялар деп аталады.
Термодинамикалық функциялар
Процестің функциялары:
Q – жылу, A – жұмыс
Күй функциялары:
U – ішкі энергия,
H – энтальпия,
S – энтропия,
G – изобаро-изотермиялық потенциал (Гиббс бос энергиясы),
F – изохоро-изотермиялық потенциал (Гельмгольцтың бос энергиясы)
Термодинамиканың I – заңы
Термодинамиканың бірініші заңы – бұл оқшауланған жүйенің энергиясын сақтайтын заң: энергияның әр түрлі формалары бір-біріне тек эквивалентті мөлшерде ауысады.
Жүйеге берілген жылу сол жүйенің ішкі энергиясын ұлғайтуға және сыртқы күштерге әсер ету үшін жұмысқа жұмсалады:
Ішкі энергияға жүйені құрайтын бөлшектердің (атом, электрон, ядро, молекулалар) қозғалысы мен өзара әрекеттесу энергияларының барлық түрі енеді де, жүйенің кинетикалық энергиясы мен сыртқы күштердің потенциалдық энергиясы кірмейді. Ішкі энергияның абсолюттік мәні анықталынбайды, бірақ оның өзерісін табуға болады:
Үдерістің жұмысы – бұл өзара әрекеттесу нәтижесінде бір денеден екінші денеге берілетін энергия. Химиялық термодинамикада газдың ұлғаю жұмысы қарастырылады:
=>
Изохоралық процестер үшін : V=const,
сонда
Изотермиялық процестер үшін : Т=const және U=const, dU=0 сонда:
Адиабаттық (сыртқы ортамен жылу арқылы алмасуы жоқ) процестер үшін : Q=0 сонда:
Изобаралық процестер үшін : р=const, dp=0 H – энтальпия деп аталатын күй функциясы қолданылады, ол: H=U+A=U+pV
Тұрақты қысым жағдайында химиялық реакцияның жылу эффектісі жүйенің энтальпия өзгерісіне кері таңбамен тең болады:
Термохимияның екінші заңы – Гесс заңы (1840ж) бойынша: реакцияның жылу
эффектісі (энтальпиясы) – реакцияның қандай жолмен жүруіне байланысты
емес, тек реакцияға қатысатын бастапқы заттардың және реакция
нәтижесінде түзілетін заттардың түріне және күйіне ғана байланысты, яғни:
Мұндағы
– сол заттың стандарттық түзілу жылуы, яғни 298К темпера-