Идеал газдың молекулалық – кинетикалық теориясы. Идеал газ деп молекулалардың арасында өзара әсерлесу күштері болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз және молекулалар арасындағы өзара соқтығысу абсолют серпімді болатын газдарды айтады.
Молекула-кинетикалық теория бойынша: газ молекулалардан тұрады; молекулалар тәртіпсіз (ретсіз) қозғалыста болады; қозғалыс кезінде олар бір-бірімен немесе газ тұрған ыдыстың қабырғасымен соқтығысады. Молекулалардың өзара әсер күші өте аз болғандықтан, олар ескерілмейді. Молекулалардың мөлшері ыдыс мөлшерімен салыстырғанда өте кішкентай, сондықтан олар материалдық нүктелер деп қарастырылады.
Газдың күйі үш макроскопиялық параметрлермен сипатталады. температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
- абсолют температура.