Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы



бет23/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
физиология
ФАРМ-Окончательный-перечень-вступительных-экзаменов-22.05.2017-г-казахский-вар.
33. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.
Электромиография (ЭМГ) - бұлшықеттердің электрлік белсенділігін зерттеу. Бұлшықеттердің күйін, оларды иннервациялау және тағы да басқа ақпараттарды береді. Сонымен бірге емдеудің тиімділігін, патологиялық процестің динамикасын, аурудың болжамын бағалайды. Ең алғаш рет адамға қолданып көрген ол 1907 жылы неміс ғалымы Г.Пипер болды.
Электромиографияны қолдануы мына жағадйларда:
-жас ерекшеліктеріне байланысты психофизиологияда;
-еңбек және спорт физиологиясында;
-жануарлар мен адамдардың моторлы функциясын зерттеуде;
-жоғары жүйке қызметін зерттеуде;
-инженерлік психологияда (мысалы, шаршауды зерттеу, моториканы дамыту);
-ортопедия мен протезде мотор функциясының қалпына келуін бағалау;
-электромиографияны медицинадағы диагностикалық әдіс ретінде;
-жүйке-бұлшықет жүйесінің зақымдану деңгейін анықтау;
-зақымдануын және оның сипатын, ауырлығын анықтау.
Электродтардың түрінбе байланысты 2 түрге бөлінеді:
-үстіңгі;
-жергілікті.
Үстіңгі- бұлшықеттің барлық аймағына биэлектр белсенділігін тіркейді. Теріге электродтарды бекіту арқылы жасалады.
Жергілікті- бұлшықеттің жекелеген бөлігіне жұмыс қабілеттілігін зерттеу үшін қолданады. Бұл электрод үшін жұқа инелер арқылы жіберіледі.
Динамометрия-бұлшық ет күшін анықтайды.
Динамометрлердің бірнеше түрлері бар:
-механикалық динамометрлер (тұтқалар мен серіппелер),
-гидравликалық;
-электрлік.
Механикалық динамометрлердің екі түрі бар: серіппелі және тұтқалы. Серіппелі динамометрде күш немесе момент серіппеге беріледі, ол күш бағытына байланысты қысылады немесе созылады. Тұтқалы динамометрінде күштің әрекеті тұтқаны деформациялайды, содан кейін оның деформация мәні жазылады.
Гидравликалық динамометрдің әрекеті өлшенген сұйықтық күшінің цилиндрден ығысуына негізделген.
Электрлік динамометр күш әсерінен деформацияны электрлік сигналға айналдыратын сенсордан және бірінші сенсордың электрлік сигналын күшейтетін және тіркейтін қосымша сенсордан тұрады.
Динамометрия физиологияда, спорттық медицинада маңызды рөл атқарады. Осы көрсеткіштер арқылы физиологиялық даму дәрежесі бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет