46. Синапстық таралудың механизмі мен кезеңдері. Қозудың ет-жүйкелік түйіспе арқылы өтуі. Орталық жүйке жүйесінен шығып эфференттік жүйке талшығының үшына жеткен серпініс пресинапстық мембрананың Na+ және К+ иондарына деген өткізгіштігін өзгертеді. Бұл иондар концентрациялық және электрлік градиентіне байланысты мембранадан өте бастайды. Na+ ионына мембрананын өтімділігі жоғары болғандықтан оның жүйке ішіне қарай өтуі пресинапстық мембрананы деполяризариялайды. Мұнымен бірге калций каналдары ашылып айналадағы түйіспе саңылауынан жүйкенің ішіне қарай Са+ катионының өтуі шапшаңдайды. Са+ ионының жүйке ұшына өтуі нәтижесінде іші щетилхолинге толы везикулалар жылжып пресинапстық мембранадан түйіспе санылауына өтеді, өтер алдында әдетте везикулалар жарылады да ацетилхолии босап шығады. Ол серпініс санына, оның күшіне қарай будақ-булақ болып түйіспелік саңылауға өтеді. Бір жеке серпіністің әсерінен миллионға жуық ацетилхолин бөлінеді. Постсинапстық мембранаға жеткендері ондағы холинорецеп- торлармен әрекеттесіп, постсинапстық мембрананың Na+ ионына деген өтімділігін күшейтіп, мембраналы деполяризациялайды.
Постсинапстық мембранада жергілікті ток - постсинапстық қоздыру потенциалы яғни ПСҚП пайда болады. ПСҚП мөлшері тікелей медиатор деңгейіне байланысты. ПСҚ өзінің аумалы шегіне жеткен сәтте иондардың оң зарядтан теріс зарядқа қарай жылжуына байланысты постсинапстық мембранаға жақын жатқан миоцит мембранасында яғни бұларда холинорецепторлар жоқ әрекет потенциалы пайда болады. Бұдан соң деполяризация ет талшығының бойымен және миоцит ішіндегі мембрананың Т өсіндісі арқылы жырси отырып, миоцитті тұтас қамтиды да оны қоздырып жиырылады. Келесі серпіністің түйіспе арқылы өту-өтпеуі адетилхолиннің ыдырауына және оның холинорецетордан босап шығуына байланысты. Ацетилхолинді ыдырататын фермент - холинэстераза, ал адреналин медиаторын ыдырататын фермент – моноаминоксидаза МАО және дәртсіздейтін катехол-оистиотрансфераза яғнм КОМТ. Постсинапстық деполяризациядан кейін болатын реполяризациясы кезінде мембранадан Na+ ионының сыртқа шығуымен бірге оның К+ ионына өтімділігі күшейеді. Бұдан соң калий-натрий тартқышы МТ-ды алғашқы қалпына келтіреді.