Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Синапстардың қасиеттері. Медиатордың синтезі. Медиатордың секреция



бет37/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
физиология

.50. Синапстардың қасиеттері. Медиатордың синтезі. Медиатордың секреция.
Синапстардың қасиеттері:
1. Қозу түйіспе арқылы көбінесе медиатордың қатысуымен өтеді.
2. Түйіспеде қозу бір-ақ бағытта – пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай өтеді. Ол түйіспенің құрылысы мен қозу үрдісінің өту механизміне байланысты.
3.Туйіспе әрекеті ұзаққа созылмайды, тез аяқталады және тез қазкиды. Қажу медиатор мөлшерінің азаюына байланысты болады.
4. Қозу баяу өтеді, түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіреді, мұны түйіспелік. кідіріс дейді.Бірыңғай салалы етте түйіспелік кідіріс 5-10 мс.Түйіспелік кідіріс қозу үрдісінің өту механизміне байланысты
5. Түйіспенің қозғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп төмен,ширақтығы аз бірақ рефрактерлік кезеңі ұзақ.
6. Түйіспеде алғашқы қозу толқыны келесі қозудың өтуін жеңілдетеді – жол салады, із қалдырады. Түйіспеде медиатордың көбеюіне байланысты қозу жинақталады.
7. Түйіспелердің қай-қайсысы болса да кейбір химиялық фармакологиялық заттарға, мәселен ганглиоблокаторларға сезімтал келеді.Түйіспенің фармакологиялық заттарға деген сезімталдығы, түрлі блокаторлармен әрекеттесуі бірдей емес. Осыған байланысты қабылдағыштар бірнеше түрге бөлінеді.
Медиатор
Қозу не тежелу пайда болуына қарай түйіспелер коздырушы және
тежеуші түйіспелер болып бөлінеді.Осығын сәйкес медиаторлар тобы да бар.Мысалы тежеуші түйістелерде тежелу медиаторы бөлініп шығады. Ол көбінесе постсинапстық мембрананың К катионына өтімділігін күшейтеді. ккатионының түйіспе саңылауына
шығуына байланысты постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады да, постсинапстық тежелу потенциалы пайда болады.
Бірыңғай салалы еттердегі ет-жүйкелік түйіспелерде көбінесе адреналин, кейде ацетилхолин тежеуші медиатор ролін атқарады.
Орталық жүйке жүйесінде және ет-жүйкелік түйіспелерде қозудың өтуіне көбінесе ацетилхолин қатысады. Осы кезде көптеген медиаторлардың орталық жүйке жүйесінде қозу және тежелу үрдістерінің түзілуіне қатысатыны анықталды.Қоздырушы медиаторлар қатарына ацетилхолин, адреналин, норадренатин, АҮФқышқылы, серотонин, ал тежеуші медиаторларға гаммааминмай қышқылы (ГАМҚ), глицин, п - заты, энкефалин, самотостатин т. б. жатады. Аталған медиаторлардың көбі екі түрлі әсер етеді. Бір орталықта ол қоздырушы медиатор ретінде болса, екінші орталықта, керісінше тежеуші болуы мүмкін. Өйткені гаммааминмай қышқылы көптеген түйіспелерде тежеуші медиатор рөлін атқарады.Глицин жұлында тежеуші медиатор болып саналады. Дейлдің пікірі бойынша, белгілі бір нейронның түйіспелерінде медиатордың бір түрі бөлінеді. Постсинапстық мембранада арнайы медиаторға сезімтал белок молекуласы – қабылдағыш орналасқан, ол әрекеттесетін медиа-
тордың атына сәйкес аталады. Қабылдағыштар ғана емес түйіспелердің аты да медиатордың атына байланысты аталады: холинергиялық, адренергиялық, серотонинергиялық, пуринергиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет