Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Эндокриндік жүйенің функционалды ұйымдастырылуы. Эндокриндік бездердің жалпы сиппатамасы



бет40/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
физиология

Эндокриндік жүйенің функционалды ұйымдастырылуы. Эндокриндік бездердің жалпы сиппатамасы.

Эндокриндік жүйеге шығару жолдары жоқ, бірақ ағзаның ішкі ортасына физиологиялық белсенді заттар (жасушалардың, тіндердің және ағзалардың функцияларын ынталандыратын немесе әлсірететін гормондар) бөлетін бездер жатады. Эндокриндік


бездер жүйке жүйесімен қатар және оның бақылауымен ағзаның бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді.Эндокринді бездердің гормондарының әсерінде, құрылысы мен химиялық құрамында бар айырмашылықтарына қарамастан, олардың жалпы белгілері бар:
1) сыртқа шығаратын түтік жоқ; 2) безді эпителийден тұрады; 3) заттар алмасудың жоғары қарқындылығымен және гормондардың бөлінуімен байланысты қанмен мол қамтамасыз етіледі;4) диаметрі 20-30 мкм және одан да көп капиллярлар желісі бар
(синусоидтар); 5) вегетативтік жүйке талшықтарының көп мөлшерімен жабдықталған;
6) гипоталамус ("эндокринді ми") және гипофиз ("гормоналды заттардың патшасы") басты рөл атқаратын эндокринді бездердің бірыңғай жүйесін қамтиды.
Ағзада эндокринді бездердің 2 тобы ажыратылады:
  1. ішкі секреция ағзаларының қызметін орындайтын таза эндокринді: гипофиз, қалқанша безі, қалқаншамаңы безі, эпифиз, бүйрек үсті безі, гипоталамустың нейросекреторлық ядросы;


  2. гормондардың секрециясы орган функцияларының бір бөлігі болып табылатын аралас бездер: ұйқы безі, жыныс бездері, айыр безі.


Эндокриндік бездердің негізгі функциясы-тікелей қанға гормондар бөлу. Бірақ эндокринді бездерге жатпайтын басқа да мүшелер гормон бөле алады. Мысалы, асқазан және жіңішке ішек (гастрин,секретин, энтерокрин), жүрек (натрийуретикалық гормон – аурикулин), бүйрек (ренин, эритропоэтин), плацента (эстроген, прогестерон,


хорионикалық гонадотропин).
Эндокриндік бездердің функцияналды ұйымдастырылуы:
Гипофиз: 1) басқа эндокриндік бездердің (қалқанша, жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметін бақылау; 2) ағзалардың өсуі мен жетілуін бақылау; 3) әр түрлі органдардың (бүйрек, сүт бездері, жатыр) қызметтерін үйлестіру;
Эпифиз: қанға серотониннен синтезделген меланин гормонын бөледі, ол циркадалық ырғақтарды синхрондауға қатысады ("ұйқы — сергектену" биоритмдері) және барлық гипоталамус-гипофизарлы гормондарға, сондай-ақ иммундық жүйеге әсер етеді.
Қалқанша без: тағамдағы йодты пайдалана отырып, тиреоидты гормондарды өндіру функциясына ие.
Қалқанша маңы бездері: паратгормон өндіреді. Паратирин қандағы Са2+ иондарының деңгейін реттеуге қатысады.
Бүйрек үсті бездер: катехоламиндер-адреналин мен норадреналин өндіреді. Бұл гормондар қан қысымын өзгертеді, жүректің жұмысын күшейтеді және әлсіретеді, бронхтардың саңылауларын кеңейтеді және тарылтады, қандағы қант деңгейін өзгертеді.
Ұйқыбез: майларды, нәруыздарды және көмірсуларды қорытуға арналған
ферменттердің негізгі көзі болып табылады (негізінен трипсин және химотрипсин, панкреатикалық липазалар және амилазалар).
Жыныс бездері: арнайы жыныстық жасушалардың (әйелдерде аналық жасушалар және ерлерде сперматозоидтар) түзілетін орны болып табылады және қанға жыныстық
гормондар (ерлер жыныстық гормондары — андрогендер және әйелдер жыныстық гормондары — эстрогендер) бөледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет