Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Электрлік және химиялық синапстар қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы



бет35/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
физиология

47. Электрлік және химиялық синапстар қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң –электрлік синапстар, ең азы – аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Синапстың қай механизм арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңлаудың диаметрі айқындайды. Химиялық синапстарда оның шамасы 10-20 нм –дей. Пресинапстық тоқ саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де, субсинапстық мембранаға оның небәрі0,0001 бөлігі өтеді. Ал бұл мембраналоық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерісін өрбіте алмайды. Сол себептен де химиялық синапста қозудың берілуі химиялық заттардың (медиаторлардың) қатысуымен жүзеге асады.
Орталық жүйке жүйесінде қозуды көбіне химиялық өткізгіштер арқылы өткізетін түйіспелермен қатар тек физикалық жолмен өткізетін бірен-саран түйіспелер бар.Оларды эфаnстар деп атаймыз. Сондай-ақ онда аралас жолды түйіспелер де кездеседі. Эфапста әрекет потенциалы түйіспелік саңылаудан тез
өтеді. Санылаудың диаметрі өте тар 2-4 нм болады. ӘП белоктан тұратын
көпірше арқылы жылжып пресинапстық мембранадан постсинапстық
Мембранаға өтеді. Өтетін тоқтың күші төмендейді.
Электр тогы қозған жерден қозбаған жерге қарай кедергісіз өте береді. Сонымен постсинапстық мембрананы қоздыратын потенциал - жүйке талпығы ұшына
дейін пресинапстық мембранаға жеткен әрекет потенциалы түйіспелік саңылаудан өтуі постсинапстық мембранада постсинапстық қоздырушы потенциалды тудырады. Қозудың осылайша өту механизмін электротондық деп, ал түйіспенің өзін электрлік деп атайды. Электрлік түйіспелер сондай-ақ жүрек етінде,бірыңғай салалы етте, бауырда да кездеседі. Электрлік түйіспелердің химиялық түйіспелерден айырмашылығы - қозуды түйіспе арқылы өткізу механизмі және олардың физиологиялық қасиеттері әр түрлі. Эфапстың физиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктері - серпіністер электрлік түйіспеде кідірмейді, екі жақты өтеді,яғни ортодромды және антидромды. Эфапста серпіністер із қалдырмайды, жинақталмайды. Бүл түйіспеден тек қозу ғана өтеді және оның өтуіне температура әсер етпейді.
Электлiк синапстардың физикалық қасиеттері:
Қозуды электрмен өткізу
• Екіжақты өткізу
Жоғарғы лабилдігі
• Синапстың кешігуі болмауы
• Тек қоздырғыш әсері.
Химиялық синапстарда қозудың
өту механизмі:
Химиялық синапстардың физиологиялық қасиеттері:
• Медиатордың қатысуымен жүреді.
• Қозу бір бағытта өтеді.
• Тез қажу (медиатор санының азаюы)
• Лабильділігі төмен 100-125 имп/сек.
• Қозудың жинақталуы
• Синапстық кідіріс (0,2-0,5 м/с).
Фармакологиялық және биологиялық заттарға сезімталдық.
• Температура өзгерісіне сезімталдық.
• Іздік деполяризацияның болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет