Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Нейрондағы қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі.Нейронның интегративті белсенділігінің негізі ретінде кеңістіктік және уақытша суммациясы



бет51/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
физиология

66.Нейрондағы қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі.Нейронның интегративті белсенділігінің негізі ретінде кеңістіктік және уақытша суммациясы.
Орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесі. Біріншілік афференттік нейрондардығы пайда болған қозғыштық жұлын нейрондарына әрдайым қозушы әсерін тигізеді. Қоздырушы синапстардың пресинапстық бөлігінен медиатор, деполиризацияның жергілікті жауабының туындауына алып келеді. Мұны қоздырушы постсинаптикалық потенциал деп атайды. Бұл атаудан көріп тұрғандай қоздырушы постсинаптикалық мембранада дамиды. Қоздырушы медиатордың әсерінен туатын жүйке жүйесінің деполиризациясы мембрананың натрий+ иондарына өткізгіштігінің артуынан ғана емес, сондай–ақ калий+ иондарына деген өткізгіштігінің төмендеуіне де байланысты болады. Жүйке клеткаларының синаптикалық қозуының ең маңызды көрсеткіші қоздырушы синапстарының әрекет потенциалын тудыра алу қабілеті. Әрекет потенциалының генерациясына постсинаптикалық мембранада трансмембраналық потенциал айырмашылықтарының белгілі бір критикалық деңгейге дейін тӛмендеуі керекті жағдай болып табылады.
Орталықтағы нейрондар қоса шеткі ағзалардың қызметі күшейтеді де олардағы тежелу қозу процесін бәсеңдетеді не мүлде тоқтатады, яғни қозудың тууына кедергі жасайды. Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметін әлсіретеді не тоқтатады. Нейрондар қозған сәтте онда зат алмасуы, тотығу процесі күшейеді,бірақ қуат қоры азаяды, заттардың ыдырауынан пайда болған ӛнімдер кӛбейеді. Тежелу сәтінде нейрондарды зат алмасуы бастапқы қалпына келеді де нейрон қуаттанады, тотығу ӛнімдері азаяды, сӛйтіп нейрондар қызметі әдеттегі қалпына келеді. ОЖЖ-де тежелу арнайы тежеуші нейрондарды қозған кезде басталады. Жҧлыннан Реншоу клеткасы табылды. Бҧл клетка жҧлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксонының бҧтағы қоздырады. Тежеуші нейронның аксон ҧшынан тежелу медиаторы (ГАМҚ, глицин) бӛлініп шығады да оның әсерінен синапстан кейінгі тежеуші потенциал пайда болалы. ОЖЖ-де туатын тежелу процестері пайда болу механизмдеріне қарай пресинапстық, постсинапстық, пессимальдық және қозудан кейінгі тежелулер болып бӛлінеді.
Суммация ол жалпы екіге бөлінеді:уақыт және кеңістік бойынша суммация деп.Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүмкін.Оның негізінде қоздыратын немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығы болып табылады.Қозу және тежеу ғана суммацияланады.Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың қоздыратын немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады.Қозу мен теделу бірге суммациялануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет