21.Жасөспірімдерге арналған контрацепция Жедел контрацепция
Әрбір жасөспірім жедел конрацепция жөнінде міндетті түрде білу керек.Жасөспірімдер жоспарланған жыныстық қатынасұа жиі ешқандай қорғануларсыз түседі,ал ол қаланбаған жүктілікке әкеледі немесе абортпен аяқталады. Ойткені жасөспірімдер қорғанусыз болған жыныстық қатынас бірнеше күннен кейін жүктілікке әкелетінін білмейді. Ең маңыздысы-уақытылы дәрігерге қаралу. Егер сіз жыныстық қатынаспен сирек айналыссаңыз,онда посткоитальды контрацепцияны қолдануға болады.
Мүшеқап
Регулярлы емес жыныстық қатынаспен өмір сүретін көп жасөспірімдерге мүшеқап өте жақсы контрацепция әдісі болып табылады. Ол жүкті болудан қорғап қана қоймай,сонымен қатар венерологиялық аурулардан және СПИДтен қорғайды. Бұл бірнеше портнерлары болған жағдайда өте маңызды болып саналады. Әдетте мүшеқапты қолдануда келесі қиыншылықтар болуы мүмкін: портнеры мүшеқапты қолданғысы келмейді. Бұл кезде портнерына мүшеқапты қолдану екеуінің де денсаулығы үшін маңызды екенін мұқият түсіндіру қажет.
Гормональды оральды контрацепция
Оральные контрацепция-жасөспірім қыздар арасында кең жайылған контрацепция әдісі. Бұны дәрігер тағайындайды бір жыл ішінде регулярлы етеккір циклі қалыптасып болғаннан кейін. Бұл ең тиімді әдіс. Бірақ,дәріні қабылдауды ұмытып кету әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Сондықтан бірінші өзіңіздің жауапкершілігіңізді, дәріні бір мезгілде бір уақытта қабылдауға деген дисциплинаңызды бағалаңыз. Өйткені дәріні қабылдауды уақытылы қабылдауды ұмытып кету жоспарланбаған жүкті болу қаупін жоғарлатады.
Имплантанттар
Имплантант-ұзақ уақыт әсер ететін жоғары эффективті гормональды контрацепция. Жасөспірімдерге бұл контрацепцияны қолдану қажет емес. Ал егер қолданған уақытта онда тек дәрігердің кеңесімен ғана.
Инъекционды контрацептивы
Инекция жасөспірімдерге оны сатып алмайтын болғаны үшін және көзге көрінбейтін болғаны үшін ұнайды. Инекция әдетте 3-6ай сайын жасалады. Бұл өте эффективті әдіс. Бірақ оны етеккір басталғаннан кейін 2жылдан кейін ғана қолдануға болады. Егер сіз жүкті болғыңыз келсе бұл қабілет бірден қалыптаспайды. Және мынадай жағымсыз әсерлері бар: регулярлы емес етеккір,безеу шығуы ,салмақ қосу. Сондықтан бұл әдісті қолданудан бұрын дәрігермен міндетті түрде ақылдасу керек.
Химиялық әдіс
Химиялық әдіс жүкті болудан қорғаумен қатар жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан да қорғануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл сенімді әдіс болып саналмайды.
Отбасын жоспарлаудағы табиғи әдіс
Отбасын жоспарлаудағы табиғи әдіске: күнтізбелік әдіс,базальді температураны өлшеу, цервикальды өзек кілегейін тексеру және симптотермальды әдіс жатады. Осы әдістің бәрі әйелде етеккір уақытын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, әйелде овуляция кезінде дене температурасы жоғарылайды. Осы кезде жыныстық қатынаста болмауы керек немесе басқа контрацепция әдістерімен қорғанады.
Үзілген жыныстық қатынас
Жасөспірімдердің көпшілігі үзілген жыныстық қатынасты қолданады. Бірақ бұл сенімсіз әдіс екенін ескерген жөн.
Босанғаннан кейінгі контрацепция
Босанғаннан кейінгі контрацепцияны тандаған кезде келесі факторларды ескеру керек:
Лактацияға және нәрестенің дамуына әсер етуін
Әдістің эффективтілігін
Болуы мүмкін жағымсыз әсерін және асқынуын ескеру керек
Жасын
Анамнез
Босанғаннан кейінгі контрацепция:
Лактационды аменорея әдісі
Мүшеқап
Спермицидтер
Жатыр ішілік спираль
Ер адамдарда вазектомия
Жатыр түтігін байлау
Мини-пили (экслютон, чарозетта, микролют)
Инъекция (типа Depo-Provera)
Имплантанттар (типа Norplant)
ВМС прогестеронмен (Мирена)
Комбинирленген гормональды таблетка
Комбинирленген инъекция
ВМС эстрогенмен
Лактационды аменорея әдісі-ең тиімді әдіс,уақытша әдіс
Әйел жүті болуы мүмкін жағдайларды ескеру керек:
Етеккірдің қайта қалпына келуі
Балаға қосымша тамақ бере бастағанда
Емізу уақытын өзгеркенде. Мысалу түнде емізуді тоқтатқанда
Егер бала 6 айдан асқан болса
Соматикалық аурулары бар әйелдердегі контрацепция
Гиперандрогения әйелдеріндегі контрацепция
Гиперандрогения-андрогеннің шектен тыс көп бөлінуінен немесе оның метоболизмдік бұзылысынан болады.
Контрацепция әдістері
Барьерлік әдіс-спермицидтер немесе жатыр ішілік спираль. Бұл әдіс андроген дәрежесіне әсер етпейді.
Комбинирленген оральды контрацепция: жүкті болудың алдын алумен қатар, осы патологияға емдік әсер етеді.Бұл әдістің эффективтілігінің көрінісі: гонадотропин синтезінің төмендуі, эндометрииге эстрогеннің пролиферативті эффективтілігінің тежелуі,етеккір циклінің қалыпқа келуі және андроген стимуляциясының төмендеуі.
Қант диабетімен зардап шегетін әйелдерге контрацепция қолдану
Қант диабеті бар әйелдерде жоспарланбаған жүкті болған кезде жүктіліктің және босанудың асқыну қаупі жоғары:көпсулық,преэклампсия,мерзімінен бұрын босану,босану жолдарының жарақаттануы,ірі ұрық,өлі туылу. Артериальды гипертензия және диабетикалық нефропатия дамид
Жатыр ішілік гормональды жүйе Мирена ең тиімді әдіс. Ол:
Жоғары эффективті
Жүйелік өзгерістерге әкелмейді (жергілікті әсер етеді)
Ұзақ уақыт қолданылады(5жыл)
Анемия,жатыр миомасы,эндометри гиперплазиясы кезінде емдік әсер етеді
Сүт безіне теріс әсер етпейді
Жатыр ішілік гормональды жүйені енгізу босанбаған әйелдерге 5% жағдайда қиындық тудырады.
Әйелдер жатыр ішілік гормональды жүйені енгізгеннен кейін 1 күн бойы сақталатын іштің төменгі жағындағы ауырсынуға,10 күн бойы өздігінен тоқтайтын қанды бөлініске шағымданады. Бұл организмнің бөгде денеге физиологиялық реакциясы болып табылады.
Контрацепция әдістерінің эффективтілігі
презерватив – 27,8%, үзілген жыныстық қатынас – 11,2%
(ЖІС – 8,3%, ОК – 3,8%). 48,9%