23. Жатырішілік спираль енгізу,спираль түрлері.Көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері. ЖІС енгізу шарттары және ЖІС алу шарттары Жатыр ішілік спираль енгізу Жатыр ішілік спираль артықшылығы:
Жоғары эффективтілік
Арзан бағалы контрацептив
5-8жыл бойы эффективті әсер етеді
Жеңіл енгізілуі
Жедел контрацепция ретінде қолданылуы
ЖІС кезінде жатырдан тыс жүктіліктің төмен жиелігі
Жатыр ішілік спираль келесі жағда йларда енгізілмейді:
Жамбас астауы ағзаларының жедел және созылмалы қабыну ауруларында
Этиологиясы белгісіз жатырлық қан кетуде
Жамбас астауы ағзаларының қатерлі ісігінде
Жүктілің
Жатырдың анатомо-топографиялық өзгерістерінде,жатыр дамуының ауытқуында
ЖІС енгізуге дайындық:
Бимануальды тексеріс жүргізу. Жамбас астауы ағзаларының УДЗ,топографиясын анықтау мақсатында.
Қынап тазалығын және цервикалдь канал бөлінісін тексеру
Жатыр ішілік спираль енгізіледі: І-ІІ тазалық дәрежесінде, несеп-жыныс жүуйесінде,ішекте қабыну процесстері болмаған кезде. Жүктілік болмаған кезде.
ЖІС енгізу мерзімі
ЖІС-ді енгізудің оптимальды уақыты- етеккірдің соңғы күні немесе оның аяқталғанынан кейінгі бірінші күні
Асқынусыз өткен медициналық түсіктен кейін бірден немесе 6аптадан кем емес уақыттан кейін енгізіледі
Қалыпты, өздігінен босанғаннан кейін – бірден(10минуттан кейін) немесе 4-6аптадан кейін. Егер әйел лактационды аменореяны қолданып жүрген болса 5-6 айдан соң енгізіледі.
Кесар тілігінен кейін-12аптадан кейін
Жедел контрацепция ретінде овуляциядан кейін 5күннің ішінде
Жансыздандыру әдісі
Әдетте жансыздандыру қолданылмайды. Парацервикальды блокада қолдану мүмкін,әсіресе босанбаған әйелдерде.
ЖІС енгізуді жүргізу
Алдымен гинекологиялық креслоға отырғызамыз.. Әйел бөкселері кең ашылып, аяғы аяқ тірегішке тіреледі. Сол қолдың бас бармағы мен нұсқаушы саусақтарымен сыртқы жыныс ернеулері ашылады.Қынаптық айналарлы енгізу. Симса айнасын бірінші төменгі қынап қабарғасын төмен тартып тұрамыз, ол үшін 2-ші адам қажет. Ал өзіміз жоғарғы қабырғасын тарта тұрып жатыр мойнының жоғарғы ернеуін тартамыз, подьемник арқылы.
Жатырға арналған спиральды алып, ашпай тұрып ішінен екі мұртшасын түтікшесіне қарай бағыттап майыстырамыз сосын түтікше ішіше орналастырамыз. Міндетті түрде спираль орамын ашып алмауыңыз керек.
Әйел адам гинекологиялық креслода жатады стандартты қалыпта жатады. Сосын қынап қуысы мен жатыр мойнының аймағы 3% сутек тотығымен менструальды бөліністерден тазалау үшін қолданылады, сосын 2 реттік антисептикпен. Симса айнасымен қынап қуысын ашып тұрып, пулевой қысқыш арқылы жатыр мойнының жоғарғы ернеуі қысып алып, кішігірім дилатация(цервикальды каналша кеңейеді) байқалады. Содан арнайы құрылғы(зонд) арқылы жатыр куысы ұзындығын өлшейді. Зонды дәрігер оң қолы арқылы жаймен енгізеді, зондта белгіленген сандар бойынша жатыр түбіне тірелген жерін белгілеп алады.
Өлшеніп алынған ұзындықта түтікше-аппликатор арқылы спиральды жаймен енгіземіз. Оны жатыр түбіне дейін енгіземіз. Белгіленіп алған жерге келген кезде спираль жатыр түбіне келіп тіреледі. Сол кезде түтікше-аппликаторды жаймен аламыз.
Жатыр қуысына келіп тірелген спиральды түтікше-аппликатордан босатқан кезде оны «Т» мұртшалары босайды
Осыдан соң түтікше-аппликаторды артқа тартады, тартқан кезде оның ішкі бөлігін ұстап тұрады. Ары қарай түтік пен оның ішкі бөлігін бірге алып шығады. Соңғы этапта шыға берістен 2-3 см жерден мұртшаларын қиып алады.
ЖІС енгізгеннен кейінгі асқынулар:
Ауырсыну синдромы
Эмпульсия
Енгізгеннен кейін бірінші күні серозды бөліністердің болуы
Етеккір аралық қанды бөлініс-меноррагия
Қабыну аурулары
Жатыр перфорациясы
ЖІС алып тастау техникасы
ЖІС етеккір циклінің кез келген кезеңінде алып тастауға болады. ЖІС оптимальды алып тастау етеккір кезінде жүргізіледі,максимальды қан кету уақытында.
Алдымен гинекологиялық креслоға отырғызамыз.. Әйел бөкселері кең ашылып, аяғы аяқ тірегішке тіреледі. Сыртқы жыныс мүшелерін етеккір бөліністерінен тазалаймыз. Жатыр мойны,қынап антисептикпен өңделеді.
Синтетикалық мұртшаға тракция жасалады.
2% жағдайда ЖІС алып тастау кезінде қиыншылықтар болады. Бұл уақытта арнайы қысқыштар қолданылады.