20. Комбинерленген оральды контрацепция.Дәрі қабылдауды ұмытқан кезде ережелері Комбинерленген оральды контрацепцияны қолдану рекомендацияланады:
Сексуальды активті жас әйелдерге
Ерлізайыптыларға:жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін
Босанбаған әйелдерге
Сексуальды активті жасөспірімдерге
Босанғаннан кейінгі емізбейтін әйелдерге
Аборт жасатқаннан кейін бірден жүктіліктен қорғанғысы келетін әйелдерге
Ауырсынумен келетін және регулярлы емес етеккір циклі кезінде
Безеулі себіндісі бар қыздарға
Анемиясы бар әйелдерге
Бұрын жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге
Рецидивирленген функциональды кистасы бар әйелдерге, анамнезінде аналық без рагі бар әйелдерге
Таблетканы қалай қабылдау керек?
Таблетканы күнделікті бір уақытта қабылдау керек, 21-28күн аралығында. 7 кунде 21-таблеткадан кейн етеккір тәріздес реакция болуы мүмкін.
Кейбір таблеткалар бір циклға 21таблеткадан тұрады. Онда қабылдауды етеккірдің 1-күні бастауға болады. Күніне 1 таблеткадан күнделікті қабылдау. Таблетка таусылған кезде 7 күн үзіліс жасалады. 7 күндік үзіліс кезінде ешқандай қорғанулар қолданбауға болады. Әрі қарай жаңа қорабын бастау керек. Қалған таблеткалыр 28 таблеткадан тұрады. Оны күнделікті ешқандай үзіліссіз қабылдау керек.
Ресейде жиі таралған комбинерленген оральды контрацепциялар: Марвелон, Силест, Овидон, Ригевидон, Нон-Овлон, Фемоден, Антеовин, Тризистон, Триквилар, Три-Регол
Бұл дәрілерді дәрігер кеңесі бойынша қабылдау керек, себебі әртүрлі таблеткада әртүрлі дозалы эсроген мен прогестин бар. Әртүрлі таблеткада әртүрлі дозалы гормондар болуы мүмкін. Сондықтан біреуі жақпаса,басқа түрін қабылдауға болады.
Комбинерленген оральды контрацепцияны қабылдаудағы жағымсыз әсерлер:
Аменорея
Қанды бөліністер
Депрессия
Бас ауруы
Қан қысымының жоғарылауы
Сүт бездерінің ауырсынуы
Дене салмағының жоғарылауы
Жыныстық әрекетінің төмендеуі
Көру мен сөйлеудің бұзылысы
Іш аумағындағы қатты ауырсыну
Әлсіздік
Жүрек айну,бас айналы,қозғыштық
Кеудедегі ауырсыну,ентігу.жөтел
Аяқтағы ауырсыну
Контарцептивті эффективтілікті төмендететін дәрілік препараттар:
Тырысуға қарсы препараттар (фенобарбитал, тегретол, дилантин)
Антибиотиктер (гризеофульвин, рифампин, ампициллин и тетрациклин)
Бұндай жағдайда жүктіліктен қорғанудың қосымша әдістерін қолдану керек
Дәріні қабылдауды жіберіп алған уақытта не істеу керек?
Егер сіз бір контрацептивті дәріні қабылдауды ұмытып кетсеңіз бірден есіңізге түскен уақытта қабылданыз,ол күніне 2рет қабылдаған болып есептелседе.
Егер сіз екі контрацептивті дәріні қабылдауды ұмытып кетсеңіз онда екі таблетканы бірден қабылдау керек, ал келесі екеуін –келесі күні. Мысалы: егер таблетканы қабылдауды суббота немесе воскресенье умытып кетсеңіз. Онда екі таблетканы бірінші күні келесі екеуін екінші күні қабылдау керек. Бұндай уақытта қанды бөлініс болуы мүмкін. Бұнда қосымша қорғану әдістерін келесі етеккірге дейін қолдану керек.
Егер сіз үш контрацептивті дәріні қабылдауды ұмытып кетсеңіз немесе одан көп,онда бірден қосымша қорғану әдістерін қолдану керек. Бұндай уақытта басқа контрацептивті әдісті қолдануды ойлану керек. Ойткені келесіде таблетканы қабылдауды тағы ұмытып кету жағымсыз әсерге әкелуі мүмкін.