15. Көлемді,жиі және тұрақсыз етеккір келу (дисфункциональды жатырлық қан кету) 80 мл артық қан кету болса немесе ұзақтығы 7 күнге созылса (менометроррагия) және аралығы тұрақты емес қысқа болған жағдайдағы қан кету.
Диагностикалық критерийлері:
-шағым және анамнез:
1. еттеккір уақытындағы ұзақ және көлемді қан кету(әдетте 7 күннен ұзақ). Қан кету тұрақсыз.
2.әлсіздік,бас айналу,жұмысқа қабілеттілік төмендеуі
- физикалық зерттеулер
1.айнамен қарау
2.бимануальды зерттеу арқылы жатыр және оның қосылқыларының көлемін қарау
-лабораториялық зерттеулер:
ЖҚА: гемоглобин деңгейінің төмендеуі ,эритроцит (3,9*10 12/л),гематокрит (0,36л/л) деңгейлерінің төмендеуі
-инструментальды зерттеу
Әйел жыныс мүшелерінің УДЗ
Емі:
Тек медикаментозды ем.
Көлемді және тұрақты қан кету кезіндегі гормональды гемостаз эндометриядағы атипиялық процесс жоққа шығарылғаннан соң жүргізіледі.
-құрамында этинилэстрадиол 20-30мкг бар комбинирленген оральді контрацептивтер. Препаратты қан кету қарқандылығына байланысты алғашқы тәулікте 4 таблеткадан ,3 күнге дейін қан кету тоқтағанша 1-2 таблеткадан дозасын азайтып қабылдайды. 21 күн бойы КОК қабылдайды.
-левоногестрел құрамында гормональды жатырішілік жүйе бар
-анемияға қарсы ем гемоглобин деңгейін реттеу үшін
1.фолий қышқылы ,тәуліктік дозасы 0,005 г (5 таблетка)
2.темір препараттары
-Тұрақты емес етеккір кезінде:
1.цикл регуляциясы кезінд КОК
2. жүктілік қажеттілік болғанда гормонотерапия І немесе ІІ фазасында овуляцияны стимулдау үшін . І фазада эстриол 2мг,ІІ фазада микронизирленген прогестерон 200мг. Стимуляция үшін кломифен 50-150 мг етеккір циклінің 5-9 күндері.
Емнің басқа түрлері : акупунктура,физиотерапия
Хирургиялық ем: Гистероскопия бақылауымен эндометрийді гистологиялық зерттеу арқылы жатыр қуысына қыру жасау.
16.Етеккір циклінің бұзылысы.Этиология, классификациясы.
Етеккір циклы – репродуктивті жүйе қызметінің циклдық өзгерістерімен сипатталатын әйел организмінде өтетін күрделі биологиялық процесс.