Физиологиялық жүктілікті бақылау


Кандидоз Этиология. Клиника.диагностикасы мен емі



бет9/29
Дата18.12.2022
өлшемі106,49 Kb.
#163178
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Акушер-гинекол тезисы
АААААААААААААААААААААААА
10.Кандидоз Этиология. Клиника.диагностикасы мен емі
Кандидоз — ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы.
Этиологиясы. Науқастарда кең тараған түрлері — Candida albicans және Candida tropicalis. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтың түрі Candida albicans — бір клеткалы микроорганизм, сопақша немесе домалақ формалы. Псевдомицелийлері бар (жіпшелері). Candida тобы саңырауқұлақтарының басқа шынайы ашытқылардан айырмашылығы:
псевдомицелия бар
• аскоспор (клетка ішінде қаллталы спора) болмауы
культуральды ерекшеліктері
Клиникасы. Алғашқы белгілері — үдемелі және басылмайтын аралықтың және қынаптың қышынуы. Кейде қышыну қиындық әкеліп,тітіркену шақырады және ұйқы бұзылады. Қынапта күйдіру сезімі болуы мүмкін. Жыныс мүшелерінің кілегей қабығында ақ, ірімшікті бөліністер болады. Қынаптың және сыртқы жыныс органдарының қызаруы болады. Ер адамдарда анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты кандидоз симптомдары әйелдерге қарағанда аз мазалайды
Әйелдердегі симптомдары :
• сыртқы жыныс мүшелері аймағында күйдіру және қышыну сезімі;
• қынаптан ақ ірімшікті бөлініс;
• жыныстық қатынас кезінде ауырсыну;
• зәр шығарудағы ауырсыну.
Диагностикасы
Культуральды тексеру саңырауқұлаққа қарсы препараттар штаммдар сезімталдылығын анықтайды. Жағынды алу мына схемамен жүргізіледі: стандартты әдіс бойынша тампонмен материалды «CANDICHROM II» хромогенді ортасы бар әйнекке жағады,жағынды қорытындысын қарағанда міндетті түрде әр түрлі саңырауқұлақ сандарын қарайды. (сандық анализ).
«CANDICHROM II хромогенді ортасын қолдану біріншілік жағынды үшін негізгі қоздырғыш Candida albicans тікелей идентификация өткізуге және басқа ашытқы саңырауқұлақтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Емі. Аурудың жеңіл ағымында жергілікті ем препараттары тағайындалады: Ломексин (фентиконазол) капс. 1000 мг біррет интравагинальды. Мысалы, кандидозды вульвовагиниттің жеңіл ағымында (қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің зақымдалуы) кейде жергілікті ем де жеткілікті. Ауыр жағдайларда , вагинальды кандидоз рецидивінде, жүйелі және жергілікті антимикотиктердің комбинирленген терапиясы қажет: флуконазола, 150 мг ішке, және Ломексин (фентиконазол) 1000 мг бірретті интравагинальды. Кандида саңырауқұлақтарының активациясы кезінде қынапта анаэробты бактериялардың өсуі күшейеді, сондықтан құрамында саңырауқұлаққа қарсы нитроимидазол және басқа антимикробты (Неотризол)кең спектрлі жергілікті препараттар тағайындалады.


Рецидивті кандидоз емі:
Вагинальды таблетка Неотризол немесе Полижинакс 1 табл. 1рет тәул. түнде 8-16 күн
Вагинальды капсула фентиконазолмен («Ломексин») 600 мг —1 және 4 күн (екі капсула).
Флуконазол (Дифлюкан, Микосист, Флюкостат)- 150 мг ішке 1, 4, 7 күн, кейін 6 ай бойы аптасына 1 капсуладан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет