Физиологиялық жүктілікті бақылау


Ювенильды қан кету Этиология, диагностикасы. ЖТД іс- әрекеті



бет12/29
Дата18.12.2022
өлшемі106,49 Kb.
#163178
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Акушер-гинекол тезисы

13.Ювенильды қан кету Этиология, диагностикасы. ЖТД іс- әрекеті.
Жыныстық жасы жетілу кезеңіндегі(12-18 жас) дисфункционалды жатырдан қан кетуді ювенильді жатырдан қан кету деп атайды.
Этиологиясы:жүйкелі- психикалық стресс, жарақаттар, шаршағандық, қолайсыз тұрмыс жағдайлар, жедел және созылмалы түрдегі жұқпалы аурулар, улану және гипо- авитаминоздар, эндокринді бұзылыстар.
Бұл қан кету негізінде – гипоталамус- гипофизарлы –аналық без жүйесінің функциональды бұзылысына байланысты.Ақырында релизинг гормондар ФГС және ЛГ секрециясының өзгерістерінен болады,фолликулогенез және менструальды жүйе бұзылады.
Клиникалық көрінісі: Менструальды цикл 14-16 күннен 1,5-6 ай болмаған сон, жыныс жолдарынан қанды бөліністер болуымен сипатталады.Бұл менструальды циклдың бұзылысы кейде менархеден соң, кейде бастапқы 2 жылда болады.Қан кету көп мөлшерде болуы мүмкін, бұл анемияға алып келеді,сонымен қатар әлсіздік,бас айналу байқалады.
Диагностика:Диагностика негізінде анамнез жинау, (менструальды циклдың кешігуі) және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуы.Лабораториялық зерттеулер:анемия және қан ұю жүйесін анықтау қажет.ЖҚА,коагулограмма,сонымен қоса тромбоциттер санын, қан кету уақытын, қан ұю уақытын,бқа анықтау қажет.Сонымен қатар гормон деңгейін анықтау : (ФСГ,ЛГ,пролактин, эстроген, прогестерон, кортизол, ТТГ,Т3,Т4) .Аналық без жағдайын бағалау үшін: УДЗ.
ВОП дәрігерінің іс-әрекеті:
Емі этапта жүргізіледі.1-этапта:гемостазды жүзеге асыру,2-этапта:қан қайта кетудің алдын алу шаралары және тұрақты менструальды циклды қалпына келтіру.
Бастапқы емде науқастың қан жоғалту мөлшері маңызды.Гемоглабин 100 г/л, гематокрит 30% және УЗИ- де эндометрийдің гиперплазиясы болмаса, науқасқа симптоматикалық гемостатикалық терапия жүргізіледі.Окситацин 5ЕД вена ішілік 5 % глюкозамен бірге тамшылатып.Дицинон,викасол 2 мл бұлшықетке.Сонымен қатар аминокапрон кышқылы 1 таблеткаден 3 рет күніне ішу.
14.Климактериялық қан кету.Этиологиясы.Диагностикасы.ЖТД іс-әрекеті
Климактериялық қан кету – 45-55 жастағы әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық патология. Сонымен қатар бұл науқастарда қосымша аурулары зат алмасу, эндокринді жүйе бұзылысы (гипертония ауруы,семіздік,гипергликемия) болады.Дисфункционалды жатырдан қан кету бұл жастағы әйелдерде ауыр өтеді.
Этиологиясы:Аналық без функциясының реттейтін гипоталамустың құрылымының функциональды өзгерісі.Бұл менопауза уақытында байқалады.Жатырдан қан кетудің себептерінің бірі аналық безінің ісіктері.Бұл қан кету гонадотропты гормондардың циклдың бөлінуінің бұзылысы. Сонымен қатар, эндометрийдің гиперплазиясы кезінде байқалады.
Клиникасы:Ациклды, интервалмен 1,5-6 ай, 110 күндей жалғасады.Науқастың жағдайы дисфункциональды жатырдан қан кету кезіндегідей болады.Гиповолемия және анемия анықталады.
Диагностикасы: Гипоталамус- гипофизарлы – аналық без жүйесінің бұзылыс деңгейін анықтау қажет.
Физикалық зерттеу әдістері:Ең бірінщі науқасты сұрастыру,қан кету қанша уақытқа жалғасқанын анықтау қажет.Жалпы қарау – пальпация.Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.Бимануальды гинекологиялық тексеру – ішкі жыныс мүшелеріне баға беру.
Лабораториялық зерттеу әдістері: Қан тобы және резус – фактор анықтау, ЖКА,ЖЗА, Қандағы қант деңгейі, БХА: билирубин.Қан ұю жылдамдығын анықтау,коагулограмма, гормональды кольпоцитология.Сонымен қатар:ФСГ,ЛГ пролактин,эстраген,прогестерон,кортизол гормондарының деңгеійн анықтау.
Инструменталььд ы зерттеу әдістері:трансабдоминальды УЗС, трансвагинальді, допплеррометрия, кольпоскопия,гистероскопия, кіші жамбас қуыс ағзаларының допплерометриясы,кіші жамбас қуысының МРТ,эндомерий биопсиясы.
ЖТД іс-әрекеті:Емді бастамас бұрын, науқастың органикалық ауруларын және науқас жасын, аурудың ауырлық деңгейін, постгеморрагиялық анемия деңгейін анықтау қажет.Емі хирургиялық жолмен емдік – диагностикалық тазалау және гистероскопия көмегімен жүргізіледі.Кей жағдайларда жатыр ампутациясы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет