Lab1.fla, Lab1.htm, Lab1.swf файл жасаңдар.
Әдебиет: қ[1] 6-7 бет.
Практикалық №2.
Тақырыбы Уақыт диаграммасымен жұмыс. Кадрлық анимация жасау.
Тапсырма: Гүлдің өсуін көрсететін мини- фильм жасаңдар.
Фильм төрт қабаттан тұруы қажет:
қабат: Фон. 2-қабат. Стол. Онда стол мен гүл салатын ыдыстың суретін салыңдар.
3-қабат.Гүл.Бұл қабатта стол үстіндегі гүлдің өсуін көрсететін 5-6 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар.
4-қабат. Күн сәулесі.Күннің сәулесінің шашырауын көрсететін 2-3 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар.
Файлды сақтаңдар. Lab2.swf файлдың орындалуын көрсетіңдер.
Әдебиет: қ[1] 9-10 бет.
Практикалық жұмыс №3.
Тақырыбы: Бірнеше сценалы кадрлық анимация жасау. Калька режимі.
Жаттығулар. 2 сценадан тұратын фильм жасаңдар.1- сценаға стрелкасы қозғалатын сағат жасаңдар. Екінші сценаға жүріп бара жатқан қоңыз бейнесін жасаңдар.
1-сцена 2 қабаттан тұрады: 1- қабатта стрелкасыз сағат суреті. (Сағат дөңгелегі, 3,6,9,12 цифрлары, аяқтары, үстіндегі қоңырауы.)
2- қабатта сағат стрелкасын 12-ден 12-ге дейін кадрлық анимация арқылы қозғалтуды жүзеге асырыңдар. Стрелканы қозғалу аниамциясын жасау үшін трансформациялау құралын қолданыңдар. Бірнеше кадрды қараудың Onion Skin батырмасын қолданып кадрларды редакциялаңдар.
1-сцена 2-сцена
Файлды сақтап, Lab3.swf файлдың орындалуын көрсетіңдер.
Әдебиет: қ[1] 12-13 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |