Флора және өсімдіктер жамылғысы. Флораның трансформациясы жөніндегі өзекті мәселелер



бет3/7
Дата29.04.2024
өлшемі36,53 Kb.
#201561
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФФН 2апта

Дала зонасының өсімдігі. Дала зонасы өсімдіктері құрамында ксерофитті жіңішке жапырақты астық тұқымдас есімдік түрлері басым келетіні байқалады. Боз туысынан қызғылт және қылтанды боз, бұдан соң бетеге, қоңырбас, шөл сұлыбасы, атқонақ өседі. Түрлі шөптен ең көп таралғандары: дала шалфейі, сары жоңышқа, бөрібұршақ, беде, қызыл бояу, қурайсасыр, бөденешөп, ұйқышөп, қазтабан, жусан, ақ жапырақ, баданалы қозықұлақ. Бұл зонада түрлі шөпті астық тұқымдас өсімдікті даланың бірқатар түрін ажыратуға болады. Ылғалдырақ жерлер - қызғылт бозшалғынды түрлі қалың шөпті дала. Қызғылт боз, боз бетеге, бетеге, қоңырбас, қос жарнақты шөптесін өсімдіктер, дала шалфейі, бөрібұршақ, беде, жусан, маралоты, көкбасшөп, қызыл бояу, беденешөп, қурайсасыр көп еседі. Аздаған мөлшерде тамырсабақты астық тұқымдас өсімдіктер - арпабас, бидайық, айрауық өседі. Даланың құрғағырақ келген қызғылт бозды бұл түрін - түрлі шөпті дала деп те атауға болады. Мұнда негізінен қызғылт боз бен бетеге басым өседі, бірақ боз бетеге, қоңырбас, сұлыбас та едәуір көп көздеседі. Түрлі шөптерден шатырша гүлділер бірен-саран өседі, яр түрлі жусан, жоңышқа, шатырақ, бөденешөп көп болады. Күңгірт қызыл және кәдімгі қызыл қоңыр топырақты жерлерде өскен далалық шөп тобы мынадай болады: сарыжоңышқа, қызылбояу, Лессинг бозы, боз бетеге, бетеге, оңтүстік ксерофит түрлері (қалампыр, қозықұлақ, қызыл бояу, ақ жапырақ). Топырақ сортаңдана бастағанда татар төскейшөбі, түкті төскейшөп, мыңжапырақты түймедағы және қара жусан өседі. Бұл дала ерте қурап сары-сабан реңді келеді.
Қостанай, Павлодар және аздап Семей облыстарында кейде құмды және құмдақ топырақты жерлер кездеседі. Мұндай топырақты дала зонасының солтүстігінде қау бетеге, сібір еркек шөбі, көгілдір қоңырбас, Беккер бетегесі, шөпшай, сібір кекірегүлі, аққаңбақ басым өседі. Оңтүстікке қарай боз бетегелі далаға айналады. Құм даланың өсімдігін табиғи пішендік ретінде пайдаланған жөн. Үстеме ретінде қосымша көпжылдық шөп егілсе, шөптің түсімі бірден артады. Табиғи шөптің кепкен массасының өнімі 3-5 ц/га. Оны пайдалану коэффициент шамасы 0,7. Кей жылдары көктемде 100%, жазда 70%, күзде 60% шамасыңда жайылымға пайдаланылады.
Дала зонасының оңтүстігінде тегі жағынан эолдық шөгінділерден дамыған құмды немесе ежелгі аллювийлік құмды жердің эфемерлік көпжылдық өсімдіктері арасында оңтүстік шөп өсімдігіне тән әр түрлі жүзгін, аммодендрон және шөл таспалары кездеседі.
Орал алды үстірті сілемдерінде, Мұғалжарда және ОрталықҚазақстан ұсақ шоқылығында селдір өсімдікті қиыршық тасты, тастақты дала кездеседі. Мұнда қау бетеге, бетеге, шөл сұлыбасы, суық жусан тараған. Тобылғы және дала қарағаны жиі ұшырасады. Мұндай дала шөбінің мал азықтық түсімі 3-7 ц/га. Жыл бойы жайылымға пайдаланылады.
Жайылма, ойпаң, шоқы, қолаттарда шаруашылықтық маңызы үлкен шалғын өседі. Өсімдігі жағынан орманды дала шалғынына жақын болғандықтан, бұдан 10-18 ц/га пішен түседі, ал егер оны жақсарту, күтім шаралары дәйекті жүргізілген жағдайда 20-40 ц/га пішен алуға болады.
Дала зонасының кейбір ойпаң жерлерінде бұталы тоғай түрлерінен тал (сушілік, ешкітал, құбатал) өседі. Ойпаң жерлерде шоқ қайыңдар да кездеседі, кейде бұталар аралас көктерек, итмұрын, долана, қара қарақат, жестер, қараырғай өседі. Шөптесінді, бұталы, ормансыз ойпаң жерлерде шалғынды шөп түрлері - құрғақ айрауық, жатаған бидайық, боз бетеге, шалғындық қоңырбас, тобылғы, сиырсілекей кездеседі. Мұнда ағаш астындағы көлеңкелі және ылғалды, жұмсақ микроклиматқа байланысты өсетін түрлер де бар. Бұларға тас бүлдірген, салалы шебер шөп, қынапты қияқ және табанды қияқ, орман қоңырбасы, тарақша марьянник, дәрілік купена, марьянник және папоротник-орляк жатады.
Дала зонасында жабайы өсетін пайдалы өсімдіктер көп. Мұндағы дәрілік маңызы бар түрлерден жұмыршақ, дәрілік түйе жоңышқа, меңдуана, сасық меддуана, су бұрышы, жанаргүл, құндызшөп немесе ұйқышөп, жайық миятамыры мен жалаңмия, сүйіншөп және шайқурай кеңінен тараған. Өзен жайылмаларында витаминді өсімдіктер итмұрын, іш айдағыш жестер өседі. Тал қабығы мен қымыздықтың түрлерін т. б. тері илеу шикізаты ретінде пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет