БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
МЕМЛЕКЕТ
СЫНЫП
Туған күні, жылы
Бағдарлама басталуына дейінгі
орта білімнің аяқталуы
Қазақстан
8, 9, 10, І-оқу жылы
лицей н/е колледж
9-сыныптан кейін
1 қаңтар 2004-
15 шілде 2006
рұқсат етілмейді
FLEX бағдарламасына кім қатыса алады?
FLEX бағдарламасына қатысу ашық және бағдарлама шарттарына сай қатысушылардың
барлығына тегін сайыс негізінде өткізіледі. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі
балалар да сайысқа қатыса алады. Жыл сайын шамамен 20 шақты мүмкіндігі шектеулі
оқушылар FLEX бағдарламасының жеңімпазы болады. Олар басқа үміткерлер сияқты іріктеуден
өтеді. Үміткерлер сайыс өтетін уақытта бір жылда бір рет өтініш тапсыра алады.
Сайысқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Өз мемлекеттеріне белгіленген (кестеде жазылған) жас шарттары мен оқитын сыныбы сәйкес келу.
2. Өтінім тапсыру кезінде бағдарламаға қатысатын елдің орта мектептерінің бірінде оқу.
3. Өте жақсы және жақсы бағаларға ие болу.
4. Бұрында ағылшын тілін оқып, сайысқа қатысу кезеңінде ағылшын тілін меңгергенін көрсету.
5. АҚШ визасын алатын шарттарға сәйкес келу.
6. Қазақстан азаматы болу және бағдарлама бойынша өтініш берген елде төлқұжат алу мүмкіндігі.
FLEX бағдарламасына кім
қатыса алмайды?
Оқушылар сайысқа қатыса алмайды, егер:
• ол 1-6 дейінгі шарттарға сәйкес келмесе (жоғарыда жазылған);
• ол АҚШ-та соңғы бес (5) жыл ішінде жалпы алғанда тоқсан (90) күннен көп болса.
• қатысушының отбасы немесе отбасы мүшесі:
- АҚШ-қа көшу үшін құжаттарын өткізген немесе өткізуді жоспарлаған болса;
- АҚШ-қа көшуді жоспарлаған немесе көшіп кеткен болса.
who is NOT eligible?
ЕСКЕРТУ:
АҚШ-қа сапарға дейін өзінің сыныбын өзгерткен қатысушылар,бағдарламадан шығарылады.