Follow flex: « олардың жергілікті қоғамға қосатын үлестері зор, біздің америкалық оқушылардың мүлде танымайтын өз мәдениетінен өзге елдің мәдениетімен таныстырады. Мен бұл студенттерді өз балаларымдай жақсы көремін



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.01.2023
өлшемі2,49 Mb.
#166265
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Recruitment-Brochure Kazakh 2021-2022 FLEX AC2020REC016 FINAL PRINT No-marks-1
МАТЕМАТИКА база-1, қазақ әдебиеті 10Б ІҮ тоқсан БЖБ №1, жоба тақырыптары мен қорғаушылар, 2022 Распечаткаға дайын диплом , Саяси партиялар большевиктер, 6 семинар (1), бжб 10 сн триг теңс, Presentation (1), Тапсырма 1
AC2020REC016
15 ҚАЗАН 2020 ЖЫЛ
ӨТІНІМ ТАПСЫРУ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ:
ӨТІНІМ ТАПСЫРУ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ:
discoverflex.org/apply


FLEX бағдарламасы дегеніміз не?
Сенатор Билл Брэдли мен конгресс мүшесі Джим Лич бірігіп 1992 жылы, FLEX 
бағдарламасының басталуына түрткі болатын тарихи заң жобасын әзірледі. Америка 
Құрама Штаттарының халқы мен бұрыңғы Кеңес Одағы мемлекеттер арасында 
қарым қатынасты нығайту мақсатында, Құрама Штаттар Конгрессі бағдарламаны 
қаржыландыруды бекітті; кейіннен басқа да мемлекеттер бағдарламаға қатысуға 
қосылады. FLEX бағдарламасын толықтай Құрама Штаттар үкіметі қаржыландырады, ал 
ұйымдастыру басшылығын АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің Білім және Мәдени 
бағдарламалар Бюросы жүргізеді. Орта мектеп оқушыларының арасындағы конкурстық 
іріктеу нәтижесі бойынша, бағдарламаның шәкіртақысы АҚШ-та өз еркімен қабылдаған 
отбасында бір жыл тұруға және американың орта мектебінде оқуға мүмкіндік береді. 
Бағдарлама мақсаты – америкалықтар мен дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер 
адамдарының арасында өзара түсінушілікті орнату.
Жергілікті деңгейде FLEX бағдарламасын қабылдап, оқытатын мыңдаған америкалық 
азаматтары мен мектептері қолдайды және жеңімпаздарды ешқандай қаржысыз 
қабылдайды. 28 жыл ішінде «FLEX» бағдарламасы 29000-нан астам орта мектеп 
оқушыларына шәкіртақы бөліп берілді. Көп жылдар бойы, FLEX бағдарламасы арқылы 
900-ден 1000-ға дейін қатысушылар АҚШ-қа барды.
Бағдарламаны кім ұйымдастырады?
Халықаралық білім беру жөніндегі Америкалық Кеңес FLEX бағдарламасының 
қатысушыларына тестілеуді, үміткерлерді іріктеуді, бейімделу семинарларын өткізіп
сапарды ұйымдастырады. Америкалық Кеңестер 1974 жылы құрылды және халықаралық 
бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Бұл ұйымның мақсаты мемлекеттер 
арасындағы өзара түсінушілікті жақсарту, адамдар арасындағы пікірлермен алмасу және 
білім арқылы ынтымақтастықты ұлғайту болып табылады. 40 жылдан астам Америкалық 
Кеңес инновациялық бағдарламаларды Құрама Штаттарда, Европада, Евразияда, Таяу 
Шығыста, Азияда және Африкада он мыңдаған қатысушылар үшін әзірлейді, енгізеді 
және қолдайды. Сонымен қатар бірнеше АҚШ-тың мемлекеттік бағдарламаларын орта 
мектеп оқушыларына (FLEX бағдарламасынан басқа), университеттер студенттері мен 
аспиранттары, мұғалімдер мен ЖОО оқытушылары үшін дайындайды.
Сонымен қатар көптеген басқа америкалық мемлекеттік емес және бейкоммерциялық 
ұйымдар FLEX бағдарламасы аясында жұмыс істейді. АҚШ үкіметінің тапсырысы 
бойынша осы ұйымдар бағдарлама қатысушыларын америкалық отбасына 
орналастырады және бүкіл бағдарлама бойы әр-түрлі шаралар ұйымдастрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет