Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет40/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.

Үндестік заңы.
 Буын үндестігі
Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы ды-быстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Дыбыстардың
өза-ра тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйесі болатыны айтылды. Морфемалардың
бірың-ғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың акустика-артикуляциялық
жақтан бе-йімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз. 
Үндестік заңы не сингармонизм 
(грек. syn – біркелкі, harmonia - үндесу) – сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айту,
сөздің өн бойында біркелкі әуезді сақтап айту. Сөз құрамындағы дыбыстар (буындар) тілдің қатысына қарай жуан-жіңішке,
ерін қатысына қарай еріндік-езулік болып үндеседі.
 
Профессор Ә.Жүнісбектің көрсетуінше, қазақ тілінде үндесудің төрт
түрі кездеседі: 
1)
жуан езулік үндесу: бала, балық, қырық, қырау;
2)
жіңішке езулік үндесу: дәптер, кереге, кілем, кісі;
3)
жуан еріндік үндесу: құлқын - құлқұн, орын - орұн, бұрым - бұрұм, қорық - қорұқ
4)
жіңішке еріндік үндесу: түлкі - түлкү, өнер - өнөр, көрік – көрүк, түлек – түлөк. 
Қазақ тіліне тән үндестіктің бұл түрлері жазуда ескерілме-генмен айтылуда толығымен сақталады. Сондықтан да
үндестік заңы қазақ тіліне тән іргелі заңдылықтардың бірі болып саналады. 
Түркі, оның ішінде қазақ тіл білімінде үндестік заңын да-уыстылардың үндесуі деп қабылдайтын жаңсақ көзқарас бар.
Қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндесіп қоймай, дауыссыздар да үндеседі. Сондықтан да үндестік заңын бүкіл сөзге тән
құбы-лыс деп танып, оны сөз просодиясының қатарына жатқызу ке-рек. Сөз құрылымындағы дыбыстардың (дауысты
болсын, да-уыссыз болсын) біркелкі жуан, біркелкі жіңішке айтылуында Қ.Жұбанов, Н.А.Баскаков, Ә.Жүнісбек сияқты
ғалымдар фоно-логиялық мән жатқандығына баса назар аударады. Ендеше сөздің айтылу үлгісін сақтап, оның мағынасын
ұғуда үндестік заңының тікелей қатысы бар.
Дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да үндестік түрлерін тіл фактілерінен аңғаруға болады. Оның
үсті-не эксперимент әдісінің нәтижелері үндестік белгілерінің арти-куляция-акустикалық сипатын айқын көрсетіп беріп
отыр. Қазақ тілінде сөздің өн бойындағы үндесім бұзылса, онда сөздің мағы-насы өзгереді. Мысалы, жуан езулік
үндестігімен айтылатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет