Кей ғалымдар прогрессивті ассимиляция мен регрессивті ассимиляцияны дауысты дыбыстарға да қатысты деп
есептейді. Олардың пікірінше, егер алдыңғы буындағы дауысты соңғы буындағы дауыстыны өзінің ыңғайына қарай икемдеп
бағын-дырса, онда оның прогрессивті ассимиляция болғаны. Мысалы жуан буыннан кейін жуан буынның (адам-дар),
жіңішке буын-нан кейін жіңішке буынның (іні-лер) келуі немесе еріндік да-уыстыдан кейінгі буында еріндік дауыстының
келуі
[айтылу-да:өнөр]
прорессивті ассимиляцияның нәтижесі. Дауыстылар-дың
өз ара әсер етіп, бірін-бірі өзгерту
процесінде прогрессивті ассимиляцияға қарағанда, регрессивті ассимиляция өте сирек ұшырасады. Ғалымдардың пікірінше,
дауысты дыбыстарға қа-тысты регрессивті ассимиляция - көне түркі тілінен келе жатқан құбылыс.
Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фо-нологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады.
Дыбыс-тардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге
болады.
Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыс-сыздар деп бөлу,
оларды сан және сапа жағынан
айқындау, әр дыбысқа тән белгі- қасиеттерін мұқият оқып, үйрену – алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының
сырын, сипатын білу үшін, айқындау үшін қажет.
Ассимиляция дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кеңінен тараған түрлерінің қатарына жатады.
Оның сөйлеу кезінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстардың артику-ляциясы жағынан бір-бірімен қиюласып, үндесіп
айтылу арқы-лы жүзеге асатындығы белгілі дүние. Осының нәтижесінде бір типтес дауыстылардың үндесуінен вокальды
ассимиляция, ал бір типтес дауыссыздардың үндесуінен консонанттық ассимиля-ция қалыптасады.
Дауыссыз дыбыстардың ықпалдастығы буын жігінде, түбір мен қосымшаның аралығында толық көрініс береді.
Дауыссыз дыбыстардың морфемалар арасындағы үйлесімділігі ғылыми әдебиеттерде кейде ассимиляция, кейде ұқсастық
деп аталған. Лебізде сөз соңында
қатаң дауыссыздар келсе, жалғанатын қо-сымша қатаң болады. Бұл барлық қатаң
дыбыстарға тән сипат, өйткені кез-келген қатаң дауыссыз сөз соңында тұра алады: ас-тық, аш-тық, ат-пен, ақ-қа, ек-кен, еп-
пен, тас-пен, ат-қанды, ас-пен ат.
Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында
қатар келген дыбыстар мен
буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді.
Ықпал негізінен морфеманың
аралығында қатар келген дыбыстар мен буындар-дың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар
тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір мор-феманың
соңғы буыны қосымша морфеманы тілдің қатысы жа-ғынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады:
дала-ның, дала-ға,
қасиет-ті, қасиет-і.
Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ық-пал ете алады:
үй-гө, үй-дү,өс-үр, өс-үп.
Дыбыстардың бір-
біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады:
а) дауыс қатысына қарай;
ә) айтылу орнына қарай.
Тіл білімінде біріншісін
Достарыңызбен бөлісу: