2-жаттығу Мақал - мәтелдерді аударыңыз. Антонимдерді теріп жазыңыз.
Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп,
жұртқа жақ. Шын - бір сөз, өтірік – мың сөз. Жаман сөз – жанға кірген тікен,
жақсы сөз – таптырмайтын ем. Ашу түбі – кейіс, ақыл түбі – кеніш. Ақылы
аздың – ашуы көп.
3-жаттығу Синоним сөздерді тап.
«Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»
4-жаттығу Омоним сөздерін тап
«Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»
5-жаттығу Антоним сөздерді тап
«Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады» .
6-жаттығу Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз. «Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер», « Өнерлінің өрісі кең», «Аузы күйген үріп ішер». «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады»
7-жаттығу Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз. « Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |