Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ересек » тобы «02.11» 2016 ж
Білім беру саласы: Қатынас .
Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Сөз, сөйлем. Ажарлы қыс. Мақсаты:а) «Ажарлы қыс» үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету. «Сөз» , «Сөйлем» деген не екенін түсіндіру; әртүрлі ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту; балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
құралдар: үлгі сурет, жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: ажарлы. Билингвальды компонент: шана-санки, щанғы-лыжи, ақ мамық-белый пушистый, аққала-снеговик .
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балалар, қане шаттық шеңберіне тұрайық.
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың,мейірімді Жер ана!
Армысың,шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты бүгін күн.
-Балалар, мен өлең оқып берейін, сендер өлеңнің қай мезгілге арналғанын айтыңдар.
Айналамда ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек.
(З.Шүкіров)
-Өлеңде не туралы айтылған екен?
|
Шаттық шеңберіне тұрады. Қайталап айтады.
Балалар ынта қойып, қыс мезгіліне арналған өлең екенін айтады.
-Қар туралы.
|
Ұйымдастыруш ылық
Ізденістік.
|
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілі ұнай ма,несімен ұнайды?
|
-Қыс мезгілінде үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қыс мезгілінде бізге ұнайды. Сырғанақ тебеміз , аққала жасаймыз, коньки тебеміз, бәрінен де Жаңа жыл мерекесін күтеміз.
|
|
Демонстрациялық құралмен жұмыс -
Мына суретке қарап әңгіме құрайық.
Суретке қарап көргендерінді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.
Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар.
Сендер суретте шанамен мырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар,балаларға ат қоя отырып әңгіме құраңдар.
Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер.
-Ия, дұрыс айтасыңдар. Сендердің ойларыңды қорыта келе, бұл суреттің тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді,келісесіңдер ме?
-Балалар , «ажарлы» сөзі «көрікті,әсем, тамаша,сұлу» деген мағынаны білдіреді.
-Енді өздерің осы ажарлы қыс мезгіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар.
Тәрбиеші қол көтеріп, әңгіме құрауға қызығушылық танытқан балалардың бәрінің ойын тыңдайды.Жақсы әңгіме құраған баланы мақтайды.
-Балалар, сендер құрағанәңгімелерің маған ұнады, өздеріңе ұнады ма?
|
Балалар өз ойларын айтады. (Қыс қызығы, Қысқы серуен, Қыстағы ойындар, Аққала тұрғызайық, Достармен бірге, Біздің аулада, Қыс тамашасы, т.б.)
-Ия, келісеміз.
Балалар әңгіме құрайды: Далада қар жауып тұр.Күн суық , аяз. Ағаш бұтақтарын қалың қар басқан. Балалар аулада ойнап жүр. Біреулері коньки теуіп, біреулері шанамен сырғанап, ал біреулері қарға су әкеліп құйып жатыр.Жиналған бір топ бала аққала жасап қойыпты. Бәрі де көңілді. Өздерінің жасаған жұмыстарына мәз-мейрам. Міне, қандай қыс мезглі.
-Әрина ұнады, қызықты болды.
|
|
Сергіту сәті: (Сергіту жаттығуын К.Нүсіпбековтің «Суретші қыс» өлеңімен жасатуға болады). Қонақтайды бақтарға, Ақ көбелек, ақ мамық. Аунап таза ақ қарға. Балалар жүр мақтанып. Тазартып бар кір, шаңнан, Қыс өнерін бастады. Терезеге салып қыраудан, Сурет салып тастады.
-Балалар, мен сендерге «Көңілді қыс» деген өлең оқып беремін.
Билингвальді компонент: шана-санки, шанғы-лыжи, ақ мамық-белый пушистый, аққала-снеговик .
-Балалар, сендер құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.
-Балалар,сөз дегеніміз-айтылатын бір ой.
Егер сен «қыс» , «қар» , «шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң, сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады.
Сөйлем дегеніміз-тиянақты жинақталған бір ой.
Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем,лепті сөйлем болып бөлінеді.
Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар.
Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Қуанышты көңіл күйді білдіретін сөздерге леп белгісі қойылады.
Мысалы, «Алақай!Алақай!» деген сөйлемнен соң қандай белгі
|
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
|
|
қойылады?
-«Қайдан келдің?» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?
-Енді біз сөз, сөйлем деген не екенін білеміз.
«Айырмашылығын тап!» дидактикалық ойыны:
Ойын шарты: екі аққаланың суреті беріледі.Суретке қарап аққалалардың айырмашылығын табу керек. Дәптермен жұмыс.Дәптердегі №5Тапсырма орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Жаңылтпаш қайталату.
Жапалақтап,қаптап ақ қар жауды. Алқапты аппақ ақ қар жапты.
|
Сурет бойынша аққаланың айырмашылығын тауып береді.
Тапсырманы орындайды.
Балалар педагогпен бірге қайталайды.
|
Рефлексивтік
Түзетушілік
|
-Балалар, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
-Біз бүгін қандай тақырыпқа сөйлем құрадық?
-Қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар?
|
-Қар жауады, күн суытады, бірақ біз қызықты ойындар ойнаймыз.
-«Ажарлы қыс» тақырыбына.
-Хабарлы,сұраулы,лепті сөйлем түрлерімен таныстық.
|
|
|
|
Күтілетін нәтиже: Біледі: Берілген суретке тақырып қойып , әңгіме құрауды. Игереді: сөйлем түрлерін,сөз бен сөйлемнің айырмашылығын. Меңгереді : айырмашылықтарын таба білу дағдыларын.
Достарыңызбен бөлісу: |