Құрмалас сөйлемді талдау Талдау реті: 1. сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта
2. сөйлемнің түрін анықта:
- айтылу сазына қарай
- құрылымына қарай
- мағынасына қарай (құрмаластың қай түріне жатады: қарсылықты, шартты, түсіндірмелі және т.б.)
- жасалу тәсіліне қарай (салаласып тұр ма, сабақтасып тұр ма, қандай жолмен құрмаласып тұр)
- құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемнің құрамын сызбаға түсір.
Қазақ тілінен талдауды жетілдіру
Тіл білімі салаларын кешенді талдаудың жүйесі
І.Синтаксистік талдаунысаны (объектісі):сөйлем, сөз тіркесі
а) айтылу сазы мен мақсаты
ә) құрылысы
б) сөйлем мүшелері
в) сөз тіркестері
г) сөздердің байланысу түрлері
ғ)сөздердің байланысу тәсілдері
II. Сөзжасамдық (сөздердің жасалу жолдары) талдау, нысаны – сөз
а) сөз құрамы
ә) сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы
ІІІ. Морфологиялық талдау, нысаны – сөз
а) сөз таптары
ә) қосымшалар, олардың грамматикалық мағынасы
IV. Лексикалық талдау, насыны– сөз, сөздердің әр алуан мағыналары
V.1.Фонетикалық талдау, нысаны – сөз
а) сөздердің айтылу, жасалу, жазылу жолдары
ә) буын, оның түрлері
б) тасымал
в) екпін
г) үндестік заңы, буын үндестігі
д) дыбыс үндестігі (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал)
V.2.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.