Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Фонемаларды топтастыру принциптері (жіктелуі), жасалу жолдарын айтыңыз. Ықпал түрлеріне (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы) тоқталыңыз



бет9/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
12.Фонемаларды топтастыру принциптері (жіктелуі), жасалу жолдарын айтыңыз. Ықпал түрлеріне (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы) тоқталыңыз.
Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары , бірақ ол тіл дыбысы болғанда , сөздердің жігін ажырататын дыбыс . Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды , қайта , олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пен емес , тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі жағы . Сонымен , фонема деген ұғым сөз мағынасын , сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғымен байланыстырылады. Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралығында (жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында боладжы. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар (көп буынды сөздер) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы (бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй-гө,үй-дү, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бір-біріне ықпалы сингарманизмге айтылады).Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: а)дауыс (салдыр) қатысына қарай және ә) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай. Мұның біріншісін акустикалық екіншісінарткуляциялықықпал дейді.1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал –алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.2.Кейінді (регрессивті) ықпал –прогрессивті ықпалға қарама-қарсы , кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.Соңы қ, к, пқатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регресивті ықпалына ұшырайды.: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регресивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел).Дыбыстардың акустикалық жақтан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөңген (сөн-ген).Прогрессивті және регрессивті ықпалды былай да түсінуге болады: «Түбір дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үндесу бағыты екі түрлі: бірінде – түбірдің соңғы дыбысының, не соңғы буынының ауанына қарай, қосымша дыбыстары өзгереді; екіншісінде – қосымша дыбыстарының ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді. Алдыңғысын ұмтыла үндесу дейміз де, соңғысын тартына үндесу деуміз».3.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері.Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а) Амангелді (Аманкелд), қаңғызыл (қан қызыл), оңғой (он қой).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет