Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Графика, әріп әліпби, орфоэпия және және сингармонизм туралы баяндаңыз



бет24/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
41. Графика, әріп әліпби, орфоэпия және және сингармонизм туралы баяндаңыз.
Ж—Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Тіл білімінде әріптерді және олардың тіл дыбыстарына қатысымын графика (грек. Grahike- жазылған, өрнектелген, зерттейді. Ал жазу заңдылықтары мен ережелерін орфография (грек. Orthos-дұрыс, графика-жазу, сызу) қарастырады. Демек, алфавит, орфография, графика тіл білімінде жазу мәселесіне тікелей қатысы бар, бірін-бірі толықтырып тұрған ғылыми атаулар деп білеміз. Жазу барысында әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, сол тілдің графикалық жүйесі де соғұрлым дамығандығын көрсетеді. Сондықтан тіл білімінде жеке әріп пен дыбыстың (фонеманың) бір-біріне жақын, сай болуы ерекше маңызға ие болады. Қазақ жазуы тарихында араб, латын, орыс (кириллица) графикалық жүйесі бірінен соң екіншісі қолданылып келеді. Шындығында, қазақ жазуының алғашқы бастауы, басқа түркі тілдері сияқты түркі жазба ескерткіштерінде жатыр деуге болады. Түркі әліпбиінде 34 әріп болса, оның 33 әрпін ата-бабамыз ғасырлар бойы қолданып келген. Әліпбидің негізгі сүйегін 28 таңбалы Құран әрпі құраса, оған парсылар 4 таңба (пе, ше, жа, ге ) түркі оқымыстылары 1 таңба (ң) және ауғандар 1 таңба қосқан екен.Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әлем тіл білімінде өзінің жетістіктерімен ерекшеленетін сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясының маңызы зор болды. Себебі қазіргі жазуымыздың өзі А.Байтұрсынов еңбектеріндегі жазу теориясымен сабақтасып жатыр.
43. Неологизмдер мен олардың жасалу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Ж—Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Неологизм төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамда бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Алғашқыда неологизм ретінде танылған сөздер жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде неологизм болудан қалады. Мысалы, атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Неологизм төрт түрлі жолмен жасалады.* Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино, театр, телевизор, спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.* Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Неологизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор. Мысалы: зейнетақы, жарғы, төлемақы және т.б.* Сөздердің бірігуі арқылы: жеделсаты, жылыжай, төлқұжат, жеделхат, әуежай т.б.* Сөздердің тіркесуі арқылы: эл. күнделік, жан сақтау, органикалық тыңайтқыштар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет