Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Қазақ тіліндегі жалпытүркілік сөздер туралы ойыңызды түйіндеңіз



бет22/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

35. Қазақ тіліндегі жалпытүркілік сөздер туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Ж—Жалпы түркілік сөздер — түркі тектес тілдердің бәріне ортақ сөздер. Олардың түркі тілдеріндегі түр-тұлғасында дыбыстық ерекшеліктері бар. Жалпы түркілік сөздер түркі тілдерінің негізгі сөздік қорына кіреді. Мысалы,: қаз. тіс, өзб. тиш, тат. теш, ұйғ. тиш, чти, туваша – дши, хакасша – тіс
36. Сингармонизм, буындардың үндесуі, толық және жартылай игеру
Ж—Сингармонизм (гр. συν - бірге, гр. ἁρμονία - үндесу) — үндестік заны. Үндестік заңы түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заң. Сингармонизм тілдің бүкіл фонетикалық бейнесін, дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын құбылыс. Сингармонизм бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірынғай жінішке, не еріндік, не езулік болып айтылады. Түбірге жалғанатын қосьімшалар да осы заңдылыққа бағынады. Мысалы: далалық, еңбекшілер, жұлдұзым (жұлдызым), күлкүлі (күлкілі). Сингармонизмнің басты касиеті, оның сөзайырымдық және сөзтанымдық қызметінен көрінеді.Сингармонизмнің жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарай, үндес дыбыс, үндес белгі, үндес сөз, үндес буын, үндес әуен сияқты терминдер қолданылады.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Тілімізде кейбір қосымшалардың жуан-жіңішке варианты болмағандықтан, сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанатын кездері де кездеседі. Олар мыналар: көмектес септігінің жалғауы –мен, -бен, -пен: апам-мен, кітап-пен,қыз-бен– қор: бейнет-қор, пәле-қор– ,паз: өнер-паз, әсем-паз– қой: сән-қой, әзіл-қой,– нікі,-дікі,-тікі: апаи-дікі, Алматы-нікі, Самат-тікі,– тай: Ер-тай, Нұр-тай,– тал: өсім-тал, сезімтал,– еке: Ас-еке, Нұр-еке,– кер,-гер: қалам-гер, талап-кер,– хана, дәм-хана, ем-хана,– күнем: пайда-күнем, қас-күнем,– ов, -ова, -ев,- ева –ин, ина: Сәбитов, Кәрімова, Саудабаева, Салғарин
37. дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы туралы баяндаңыз.
Ж—Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ. 2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады. 3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң. Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет