Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Қазақ тілінің сөздік құрамы, даму ерекшеліктерін анықтаңыз



бет19/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

29. Қазақ тілінің сөздік құрамы, даму ерекшеліктерін анықтаңыз.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.
30. Игерулі өзгерістерде бір дыбыстың екіншісіне тигізетін ықпалдарын: ііргелес ықпал, алшақ ықпал, ілгерінді (прогрессивтік), кейінді((регрессивтік), тоғыспалы (взаимное) т.б. туралы айтыңыз.
Түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында болады. Дыбыс үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин. Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді:1) ілгерінді ықпал;2) кейінді ықпал;3) тоғыспалы ықпал. 1.. Ілгерінді ықпал. (прогрессивті)
Аш- са – аш – ша. ш-с = шш
Қара қой – қара ғой. а – қ = ағ.
Жас бала – жаспала. с – б =сп
Ілгерінді ықпал-алдыңғы дыбыстардың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.
2. Кейінді ықпал (регресивті)-прогрессивті ықпалға
қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.
тарақ + ы – тарағы. қ – ы = ғы.
Күрек + і – күрегі. К – і = гі.
Жан + бады – жамбады. Н – б = мб
Сөз - жоқ – сөж жоқ. З – ж = жж.
3. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі.
1.Аман келді- Амаң - гелді. нк-ңг
2.Қан қызыл- қаң ғызыл нқ-ңғ
3.Мен келдім-мең гелдім нк-ңг
4.Дос жаран- дошшаран сж-шш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет