12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
квпук
13. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)
1.Қазақ халқының қандай біртуар азаматтарын білесіздер?
2.Әбунасыр Әл –Фараби кім?
14. Үйге тапсырма беру.
Тарихи тұлғалар жөнінде мәліметтер жазып келу.
17-Cабақ
Сабақтың тақырыбы:Қазақ хандары. Сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулардың сөйлемдегі қызметі.
Сағат саны: 3 (100%)
Сабақ түрі: тәжірибелік
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Қазақ хандары туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.
тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:
а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:
Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.
Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.
Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993
А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.
б) Қосымша әдебиеттер:
1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж
2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985
3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.
4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.
5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.
6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин (26% )
1. Зат есімді тіркестер қалай жасалады?
2. Есімдікті тіркестер қалай жасалады?
3. Олардың синтаксистік қызметі қандай?
10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Лексикалық тақырып:Қазақ хандары
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды.Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді.Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді.Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.
Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде Қадырғали би: Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді.Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ақыры Сарайшықта өлім тапты.Бүгін оның қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры Қанбар сұлтан барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды.Әскерінің қолбасшысы.Оның ұрпағына патшалық тимеді, — деп жазды.
Қазақ хандығыҚасым хан өлген соң, таққа оның ұлы Мамаш отырды.Бұл ханның билігі кезіндегі оқиғалар жөнінде мәлімет жоқ.Мамаш хан бір шайқас кезінде өзінің ауыр сауытына тұншығып қайтыс болады.Хандықта аласапыран кезең басталады.Сұлтандар арасындағы билік үшін болған талас-тартыстан соң таққа Қасым ханның немере інісі Таһир отырады.Бұл, шамамен, 1524 жылдың төңірегі.Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоғары кабілет таныта алмайды.Ең негізгісі — хан мен ел билеушілер арасында өзара түсінісу болмады. Қадырғали би ол жөнінде: Таһир хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді, — дейді.
Есім хан
Қасым ханнан соң қазақ мемлекеттігін жандандыра түскен Хақназар хан мен Тәуекел ханның қызметі Сырдың орта ағысындағы қалаларға біржола орнығу, Жетісу мен Ыстықкөл өңірінен қазақтар мен қырғыздарды ығыстыру мақсатында жасалған біріккен моғол және шайбанилықтардың шабуылына қырғыздармен одақтаса тойтарыс беру, сондай-ақ Бұхар хандығының ішкі саяси өміріне пәрменді араласып отыру арқылы Мәуереннахр өңірін өз ықпалында ұстау бағытында жүрді.
Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады.
Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады.1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.
Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.
Хан ЖәңгірЕсім ханның көзі тірісінде-ақ жоңғар қалмақтарымен күресте оның ұлы Жәңгір сұлтан көзге түсе бастайды, ал оның хандық қызметі (1628—1652 жылдары) қалмақтардың басқыншылық саясатына қарсы тынымсыз арпалысты күрес жағдайында өтті.
Тәуке хан
Қалмақтармен жер үшін күрес Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан (1680—1715/1718 жылдары) тұсында да жалғасады.Тәукенің билігі қалмақ қонтайшылары Қалдан Бошоқты (1676—1697 жылдары) мен Себан-Рабданның (1697—1727 жылдары) билігіне тұстас келді.Бұл — қазақ-қалмақ қатынасының аса ширыққан кезі болатын.Қалдан ханның әскері 1681 және 1683 жылдары Сайрамға дейін жетеді.Жетісу өңірі біраз уақытқа қалмақтардың қолына өтеді.1710 және 1711 жылдары қалмақтар қазақ жеріне жаңа шабуылға көшті.Оған жоңғарлардың Қытаймен арадағы қатынасының шиеленісіп кетуі себепші болған еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар қалмақтарынан төнген қауіпке қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады.Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады.Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты.Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп бағалады.
Грамматикалық тақырып: Сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулардың сөйлемдегі қызметі
Сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулардың айтылу мақсатына қарай сұраулы сөйлем жасауға ат салысады. Сұраулы сөйлем негізінен осы екі сөз табының көмегімен жасалады деп айтуымызға болады. Мысалы:Асан қашан келеді? Сен ше? Киноға барасың ба?
Бұлар арқылы жасалған сөйлемдердің соңына сұрау белгісі қойылады.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
ариар
13. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)
1. Сұрау есімдіктері қандай сөйлем жасайды?
2. Сұраулық шылаулар қандай сөйлем жасайды?
3. Сұрауесімдіктері мен сұраулық шылаулар арқылы жасалған сөйлемнің тыныс белгісі қандай?
14. Үйге тапсырма беру.
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы.
18-Cабақ
Сабақтың тақырыбы:Қазақ батырлары. Болымды және болымсыз сөйлемдер.
Сағат саны: 3 (100%)
Сабақ түрі: тәжірибелік
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.
тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:
а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:
Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.
Ж.Бектұров, А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994,345 б.
Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993
А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.
б) Қосымша әдебиеттер:
1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж
2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985
3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.
4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.
5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.
6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин (26% )
Еапреар
10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Лексикалық тақырып: Қазақ батырлары.
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.
1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.
1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.
1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.
1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.
1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.
1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды
Грамматикалық тақырып: Болымды және болымсыз сөйлемдер
Сөйлемнің барлығы дерлік іс-әрекеттің болуын немесе болмауын хабардар етеді. Сондықтан олар болымды және болымсыз етістіктер арқылы жасалады.
Етістік сөйлемде не болымды, не болымсыз түрде қолданылады. Түбір етістіктер болымды етістік болып саналады: кел, ал, кет, сөйле,тыңда,сына, апар, әкет т.б. Мысалы: Қара бұлттай қаптап, шыр айналып жүр.
Түбір етістіктер тілде болымды болғандықтан, олардан болымсыз етістіктер екі түрлі тәсілмен жасалады :
–ма\ме, -ба\бе, -па\пе, жұрнақтардың етістікке жалғануы арқылы (синтетикалық тәсіл бойынша) болымсыз етістіктер жасалады: ал+ма-алмай, көр+ме-көрмеген, қайт+ па+с-қайтпас, кет+пе-кетпейтін т.б. Мысалы: Бірақ бұл қуаныш ұзаққа бармады. Ешқайда кетпеймін.
Етістіктің болымсыз түрі (аналитикалық тәсілмен)емес, жоқ көмекші сөздерінің етістікке тіркесу арқылы жасалады:а) есімшеге «емес» көмекші етістігі тіркесу арқылы болымсыз етістік жасалады: көрген емес, келетін емес, келмек б) –ған\ген, -қан\кен, формалы есімшеге «жоқ» көмекшісі тіркесу арқылы болымсыз етістік жасалады: келген жоқ, айтқан жоқ т.б. Мысалы: Оспандар трактор айдап,бір күнде де тоқтаған жоқ.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
Вуыаы
13. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)
1.Болымды сөйлемдер қалай жасалады?
2.Болымсыз сөйлемдер қалай жасалады?
14. Үйге тапсырма беру.
Мысалдар жазып келу.
19-Cабақ
Сабақтың тақырыбы: Репрессия құрбандары. Шақ, рай тұлғалары қолданылған әртүрлі. Сөйлемдер. Олардың бір-бірінен ерекшелігі.Қайталау, пысықтау сабағы.
Сағат саны: 3 (100%)
Сабақ түрі: тәжірибелік
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Репрессия құрбандары кеңінен мәлімет беру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.
тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:
а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:
Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.
Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.
Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993
А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.
б) Қосымша әдебиеттер:
1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж
2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985
3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.
4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.
5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.
6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин (26% )
1. Болымсыз сөйлем қалай жасалады?
2. Болымды сөйлем қалай жасалады?
3. Қазақ батырларын атап бер.
10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Грамматикалық тақырып: Репрессия құрбандары. Шақ. Рай тұлғалары қолданылған әртүрлі сөйлемдер. Олардың бір-бірінен ерекшелігі.Қайталау
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
Отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин.
Сәкеннің (шын есімі Сәдуақас) дүниеге келген жері Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысындағы Нілді мыс қорыту заводына таяу тұстағы қазақ ауылы. Қазір бұл жер Жезқазғанның Жаңаарқа ауданына қарайды.
1914 жылы қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырады. Сәкеннің қоғамдық, творчестволық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметін құлатқан ақпан революциясынан кейін-ақ Ақмола қаласына ауысып, революциялық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ комитетінің председателі болып сайланады. Оның қатысуымен Ақмола жастарының революцияшыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады.
1922 жылы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесалары кітап болып басылды.
Проза жанрында «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық романын, «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) повестері мен әңгімелерін жазды.
Бүкіл саналы ғұмырын Совет өкіметі мен коммунистік партияға арнаған қазақ даласының «қызыл сұңқары» да «қызыл қырғынның» құрбандығына айналуы сол бір қиямет күндердің заңдылығы секілді болды.
ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАН
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Қарқаралы оязы, Әлтеке-Сырым болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша бұл елді-мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы , «Қаратал» совхозына қарайды. Оның нақты туған жылы туралы да жазба деректерде түрліше пайымдалып жүр. Кеңес үкіметі пәрменімен Әлихан Нұрмұхамедұлын «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген үкімнің шыққандығын айғақтайтын іс қағаздары арасындағы өмірбаяндық жеке құжатында ол 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы оязындағы жетінші ауылында жарық дүниеге келгендігі баяндалған.
Қазақ халқының қоғамдық ой санасын биік белеске көтерген ірі қайраткерлердің туып, туған-өскен ортасы жайында да өкініштісі, әзірге ауыз тұмытарлық, мардымды ештеңе жазыла қойған жоқ.
1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша өкіметі құлатылғаннан кейін қазақтың зиялы қайраткерлері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ж. Досмұхамедұлы, Х. Досмұхамедұлы 1917 жылы сәуірде облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізеді. Облыстық және уездік қазақ комитеттері құрылды. «Жалпы қазақ съезі» өткізілсін деген қаулы қабылданады.
Бірінші жалпы қазақ съезі Орынбор қаласында 1917 жылы 21-26 шілдеде өткізілді. Съезде қаралған 14 мәселенің бірі – қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның аты – «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Партияның бағдарламасын жасау, қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жоспары белгіленеді.
Осы съезде Әлихан Нұрмұхамедұлы көпшілік дауыспен «Алашордасының» басшысы болып сайланады. Бұл 6 миллион алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығының айқын дәлелі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең.
Біз онымен енді ғана таныса бастадық. Әлі танып болғанымыз жоқ Аса ірі халық қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түрколог, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті ме мәдениет зерттеушісі, профессор екенін енді ғана біліп отырған жерлесіміздің күреске толы өмірі мен мұрасына там-тұмдап үңілген сайын оның қуатты тұлғасы зорайып, еңсесі биіктеп бара жатыр.
Жас қазақ үкіметінің мүшесі болған мемлекеттік қайраткер басына 1929 жылы-ақ бұлт үйірілгендей. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.
1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді.
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
Адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды.
1984 ж. 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезіне қатысты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген Тұрар шешеден де, әкеден де ерте айрылып, жетімдіктің ауыртпалығын көрді.
1916 ж. бастап жиырма жастан жаңа асқан Тұрар қоғамдық-саяси өмірге қызу араласып кетті, ол 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің Әулиеата-Мерке ошағына идеялық тұрғыдан басшылық жасады.
Тұрар Рысқұлов бүкіл саналы өмірінде мемлекеттік және партиялық саясаттағы ұлы державалық шовинизмнің көріністеріне батыл күрес жүргізді, ол жергілікті ұлтшылдық көп жағдайда ұлы державалық шовинизмге жауап ретінде бой көрсететіндігін дәлелдеумен болды.Ол өзінің осы мәселелер төңірегіндегі ойларын РКП(б) – ның XII съезіндегі сөзінде әсіресе 1923 ж. 9-12 маусымда РКП(б) Орталық Комитетінде өткен ұлт республикалары жауапты қызметкерлерінің IV мәжілісінде ешбір бүкпесіз айтқан болатын. Бұл мәселеде партия мен мемлекеттегі билікті сол кезде өз қолына шоғырландыра бастаған И. Сталинге қарсы келе беретін. Екеуінің арасындағы алғашқы ашық қақтығыс жоғарыда айтылғандай ұлт республикалары қызметкерлерінің IV мәжілісінде орын алды. Осы мәжілісте Сталин Тұрарды «татар ұлтшылы» Сұлтанғалиевпен пікірлессің, өзің де Сұлтанғалиев сияқты партия жолынан ауытқып жүрсің деп айыптағанда, ол олардан үзілді-кесілді бас тартып, «... Сталин жолдастың мәлімдемесі дұрыс емес. Сталин қателесіп отыр», – деп батылдықпен тура жауап береді.
Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
М. Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Ақмола уезінің Полудень болысы Булаев ауданында дүниеге келді.
Ақынның адам ретінде, азамат ретінде қалыптасуына ардагер Міржақып Дулатов ықпал жасады. Ол Мағжанды әлем мәдениетінің озық үлгілерімен сусындатып, ақындық әлемінің сиқырлы есігін ашты.
1913 жылы ақын Омбы қаласына келіп, оқытушылар семинариясына түседі.
Мағжан – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік.
Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
Ел болып алыптарымызды жаңа танып жатқанымызбен Байтұрсынов, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев десе ішкен асын жерге қоятын көнекөз қариялардың бары – «шіркін-ақ, талай сұңғыла кеуде сырын ашпай кетті-ау» деген өкініш отын қоса тұтатады екен.
Мағжан ресми түрде 1960 жылы ақталса да, шығармалары халыққа жете қоймаған тұста сол кезде Орталық партия комитетінің хатшысы болған, көрнекті мәдениет қайраткері Ілияс Омаров: «Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір «әдебиеттің жұлдызы боламыз» деп жүргендер сөніп қалады. Осы бір кертартпалардың қырсығынан күніміз әлі күнге дейін нұрын шаша алмай келеді», – депті. Жалпы Мағжантану ісі енді-енді қолға алынып жатыр. Мағжан екінші рет ақталып, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысы шыққаннан кейін біршама дүние жарық көрді. Ақын шығармалары «Жазушы», «Жалын», «Балауса», «Ана тілі» баспалардан оқушыға тартты.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
рпа
13. Сабақты қорытындылау. 10 мин (7 %)
1. Шақ категориясы қалай қолданылады?
2.Рай категориясы қалай қолданылады
3. Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
14. Үйге тапсырма беру:
«Репрессия құрбандары» реферат дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |