Форма силлабуса


Дәріс: Араб Халифатынынң мемлекеті мен құқығы



бет12/32
Дата07.02.2022
өлшемі489 Kb.
#83885
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
Силлабус ИГПЗС (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Фетва
Дәріс: Араб Халифатынынң мемлекеті мен құқығы .
1.Ежелгі Араб мемлекеттері.
2.Мұхаммед-жалпы араб мемлекеттілігінің негізін қалаушы.
3.Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық, Қылмыстық құқық.
4.Жеке мұрагерлік жер иелік: Мүлік, Икта, Вакуф.
Отағасырлық Шығыс (Араб халифаты, Үндістан, Қытай, Жапония) пен Батыс Европаның феодалды мемлекеттері мен құқығының саяси-құқықтық даму жолдары айтарлықтай айырықшаланады. Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінің дамуына діни-философиялық және этикалық дәстүрлердің ықпалы зор болды. Мысалы, Араб халифатында – араб-исламдық, Үндістанда – Үнділік-буддистік және Қытайда – қытай-конфуциандық дәстүрлер. Осы дәстүрлерге сүйене отырып бұл елдерде ең басты өмірлік және қоғамдық, мемлекеттік ұстанымдар қалыптасқан. Араб халифатының басты ерекшелігі оның әлемдік дін –исламға негізделуінде. Ол бойынша діни және зайырлы билік бөлінбейді. Ислам мұсылман әлемінде әлеуметтік құрылымды, мемлекеттік мекемелер мен құқықтық институттардың мәртебесін анықтады. Сонымен бірге, исламда құқықтық реттеу әдістері де көрініс тапқан. Себебі Құран құқықтың басты қайнар-көзі саналды. Ал қытайлық-конфуциандық дәстүр императорлық жарлық пен заңның негізі болып табылатын имандылық нормаларына сүйенеді. Яғни, бұл дәстүрлерге сәйкес мемлекет имандылық құндылықтардан бастау алады. Мұсылман құқығы – шариғаттың қайнар-көздері: 1. Құран – діни-имандылық нормалардан тұратын мұсылмандардың қасиетті кітабы. Бұл кітапта Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері жазылған. Ол 114 сүреден (тарау) және 6211 аяттан тұрады. Жобалап алғанда аяттардың 500 заңи сипатқа ие.Сунна – хадистердің, яғни, пайғамбар өмірі мен іс-әрекеттері туралы өсиет-әңгімелердің жинағы. IX ғ. хадистердің жинағы жүйелендіріліп алты томға біріктірілді және кадилермен сот төрелігін жүзеге асыру барысында қолданыла бастады.Иджма – Құран мен Сунна реттемейтін мәселелер бойынша беделді діни заңгерлердің шешімдері. Бастапқыда бұл мұсылман қауымының ортақ келісімі ретінде қарастырылды. Себебі пайғамбардың айтуынша мұсылман қауымы қателесе алмайды.Фетва – қоғам өмірінің жеке мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдерге қатысты беделді діни заңгерлердің берген жазбаша түсіндірмелері.Халиф жарлықтарын заңдар (аль-канун) және әмірлер (фирман) құрады.Қияс – заңи істерді діни идеяға сәйкес ұқсастық бойынша шешу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет