Репетиторлық оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты. Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.
Ментор –оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді.
Дəріс - басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі
- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі; - проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты; - көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі; - бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы; - шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету