Формирование профессиональных умений и навыков


ӘОК 687.1 Сурет өнерінде пішін мен түс айырмашылығы



бет25/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
статьялар
Дуальді оқыту, Педагогика НКТ, Английский язык 6 класс, Айдана баяндама, актив студио, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ (1), Авторская программа по технологиии откр уроуи, Бас киім ғылыми жұмыс, Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру, метрология бойынша, Жаратылыстану ашық сабақ 07.12
ӘОК 687.1
Сурет өнерінде пішін мен түс айырмашылығы
және шығармашылық үрдісі, стиль мен дәстүрді ажырата білу


Тоққұлиева Ұ.Қ. – аға оқытушы ( Алматы қ., ҚазМемҚызПИ )

«Табиғат пен адам егіз ұғым»


Леонардо да Винчи

Сурет өнеріне баулу әдісінің негізі мен мәні шығармашылық әдісінен бөлек тұрмайды. Өнердің ортақ бағытында, жаңа мен өткен өмірдің формасы арасында талас-тартыс болуда. Ал алдында жүретін ағысқа өнерді үйрету формасы мен әдісі жатады. Сондықтан да өнерге үйреткен кезде түрлі педагогикалық көзқарастар мен педагогикалық әдістер пайда болады. Тарихи мысалға келтіре аламыз: суретшілер Академиясын, Чистяков және оның системасынан, өткен ғасырдың педагогикалық ағысы. Қазіргі кезде де, яғни біздің заманымызда да түрлі педагогикалық әдістер кездеседі. Олардың пайда болуы, өмір сүруі тарихи кеңес үкіметі заманымен тікелей байланысты.


Бейнелеу өнеріне баулу педагогикасы мен өнер практикасы арасындағы байланыс дұрыс емес қарастырылып, бағаланады. Өнер мен суретші барысы мен мақсаты әр түрлі, алайда өнер мен суретші бір мағынада қарастырылуы керек. Суретші өнер мен суретті дүниеге келтірсе, оқытушы ұстаз дүниеге суретшіні келтіреді деп айтсақ қателеспеспіз.
Өнер проблемасы ұстаздың да проблемасы болып табылады. Бірақ бұл проблемаларға композиция мен образ, реалистік сурет, кескіндеме жатуы мүмкін. Алдында атап кеткендей суретшінің ерекшелігі көп жылғы өнер жайында ойласа, педагог оның дамуын қарастырады.
Бейнелеу өнерінде өзіндік көзқарас деген болады. Осы арқылы көптеген суретшілер өз суреттерінде өз ойларын көрсете білді. Мысалға алайық Родченко, Малевич, Кандинский, Репин, Нестеров, Серов орыс халқының суретшілері. Олар импрессионистер, экспрессионистер, фовистер мен кубистер. Соңғы жылдары сурет салу мен бейнелеу өнері жағдайлары ұстаздардың ерекше бір бағыт ұстанып, сол бағытқа өзге де суретшілерді еліктірді. Педагогикалық және әдістемелік іс-әрекеттер өзекті тақырыптары жиналыс, отырыс, конференция кезінде кең өріс алады. Бұның барлығы педагогтардың лезде жұмыс істегенін атап көрсетеді. Өнерде де, қандай салада да екі аймақ бар десек те болады. Бірі техника немесе жұмыс аймағы және шығармашылық аймағы. Бұларды бөлек қарастырып немесе бөлуге болмайды. Мысалы: анатомия, биология, геометрия, техника бұның барлығы техникаға, яғни жұмыс істеу әрекетіне байланысты. Бірақ олар шығармашылық іс-әрекетсіз түкке жарамайды. Сонымен шығармашылық үрдіс зерттеле алмайды және оған педагог өз үлесін қоса алмайды деген көзқарастар көп. Бұл «теория» суретшілер мектебінде өте мықты орын алған десек те қателеспейміз.
Мектеп белгілі бір жүйелілікте пайда болу керек. П.Я.Павлинов өзінің «Графикалық білім» деп аталатын жұмысында жазады: «Суретті салғанда оның қыр-сырын көріп сала білу керек. Осы кезде үш түрлі қателік кетуі мүмкін және оны болдырмау мүмкін: елестетудің пайда болу қателігі, осы елестетудегі бейнелеудің пайда болу қателігі, бейнелеуді іске асырудағы техникалық заттар қателігі. Осы үш қателікті біле отырып, болдырмасақ онда сурет дұрыс шығады».
Сурет салуда үлкен рөлді сол суретшінің сурет салуға арналған қолдары атқарады. Яғни, суретшінің қолы дамыған, үйреншікті, жоғары деңгейлі жаттыққан болу керек. Егер арасында суретті тастап, қайта жаңғыртса, онда қолдың қаншалықты құнды екенін байқайсыз. Әрине, бұл өте дұрыс. Себебі қол ой-қиялдың ұшқырлығын байқата отырып, өзі әрекет етеді. Осы кезде жұмыс техникасы шығармашылыққа бай болады. Бірақ бұл әлі де барлығы емес. Яғни қол техникасынан бұрын оқушы сурет салудың қыр-сырын, ерекшелігін, қасиетін, сапасын түсініп, білуі керек.
Адамның бейнелеу жұмысы тек қана өнермен шектелмейді. Ол әлдеқайда үлкен және кең ауқымды жұмыс болып табылады. Алайда әр бейнелеу өнерінің, қандай болса да, түп-негізі бір ережелері мен заңдары болады. Бұл заңдардың негізгі топтарын атап, көрсетуге болады:

  • зат туралы елестетудің пайда болу облысы немесе аймағы;

  • бейне туралы елестің пайда болу аймағы;

  • бейнелік жұмысты материалды түрде орындау аймағы.

Осы үш түр бір-бірін толықтырып тұрады. Өз өнерімізді өзге өнерден ерекшелейтін жерлерді айтуымыз керек. Бұл біріншіден бейнелеу жұмысының өзіндік табиғаты (подражательная природа). Өзге өнер түрлері (оның ішінде архитектура да бар) басқа тәртіп бойынша қалыптасқан дейді. Абстрактылы ойлар оларда өте тереңде жатыр. Музыкант немесе архитектор болсын тек өз тәжірибесіне ғана емес, бүкіл адамзат тәжірибесіне сүйенеді. Соның ішінде мысалға математика (геометриялық форма), техника (материал) және т.б. кіргіземіз. Ал енді ұқсатушылыққа тоқталсақ. Ұқсатушылық бастамасы мен архитектуралық бастамасы арасында бейнелеу өнері ішінде немесе жұмысында әрқашанда бәсекелестік болған.
ІХX-ХХ ғасырларда ол тартыс күшейе түседі. Бұл тартыстың себебі «кублум» деп аталатын терминнің пайда болуы және затсыз кескіндеме (беспредметная живопись). Ары қарай айта беруде қиыншылық туады. Оның негізгі мақсаты мынада. Егер суретші шығармашылық үрдісінің белгілі бір бөлек жерлерін түсінікті етіп бөліп көрсеткісі келсе, онда оларды мүшелеп, табиғилығына қарсы шығарып немесе бұрмалап көрсетеді. Сондықтан да мүмкіндігінше шығарған шығарманы бір бүтін ретінде қарастыру керек.
Шығармашылық үрдіс бөлінбейді, сол үшін де ол шығарма. Жан ісі кейін өндірістік іске, техникалық-материалдық әдіске айналады. Натура және оның шығармашылық бөлімінде (акттағы) өңделуі – бұл тек бастамасы. Суретшінің ойы қалай пайда болады? Бұл стихия. Біздің білуімізше эскиздік нобайларды алғашқы ойлардың салынуы, суреттің қай жерінен біз суретшінің толық ойын көре аламыз? Сурет толық, дұрыс салынса, мағынасы сол кезде ғана ашылады. Суретшінің суреті оның әлеуметтік, саяси, экономикалық көзқарасын көрсетеді. Шығармашылық үрдістің негізі бұл затты елестетудің пайда болу үрдісі. Ал бейненің елестетілуі екінші орынға қойылады. Себебі, бейне оның болуы тек сол затты елестетіп көруден кейін пайда болады екен. Осы екі елес параллельді түрде болса да натураға бірінші орын беріледі. Егер бұл ережені дұрыс сақтай отырып, суреттің негізгі түп-мағынасын ұғуға болады.
Затқа деген қатынас туралы айта отырып, суретшілердің өзі кей-кезде осыдан қате жіберетінін ұмытпайық. Олардың ойынша суреттің мағынасы мен мінезін басқа да жағдайлар ашады. Алайда егер дұрыстап қарастыратын болсақ, яғни ұзақ уақыт зерттегеннің өзінде де заттық қатынасқа келіп тірелеміз.
Затқа деген қатынас моральді түрдегі сол затқа баға беру болып табылады. Бұл туралы алдын-ала айту керек. Затқа деген қатынас - бұл біздің өмірге деген психикалық көзқарасымыз, қызметтік баға (өндірістік немесе тұтынушылық), физиологиялық, эстетикалық, қоғамдық-тұрмыстық баға. Психикалық өмірдің бұл жақтары бірін-бірі толықтырып тұрады. Сыйлау, жақсы көру немесе жек көру осының барлығы мына психикалық көзқараста болуы мүмкін. Сонымен қатар затқа деген қатынас – табиғатпен бірге жұмыс істеу әдісі.
Затқа байланысты формалистикалық қатынас та болады. Мысалы, Адольф Гильдебранд көлем мен жазықтықты негіз ретінде алады, яғни бұл шындықта осы болып табылады. Шын мәнісінде көлем мен жазықтық зат табиғилығында өмір сүрудің бірден – бір принципі болып табылады. Табиғатта, шындықта құбылыстың барлығы дерлік заттың көлемі мен кеңістікке байланысты.
Заттың құрылымы, мазмұны бұзылмау керек. Олар, яғни құрылымы, мазмұны көруші адам мен жан-жағындағы заттар мен сапалық түрде байланысады. Сондықтан да оның біз қыр-сырын дұрыс бақылап, біле аламыз. Егер затты зерттей берсек, онда осы заттың қаншалықты зерттеліп бітпейтінін көре аламыз. Әр бөлек жағдайда да заттың түрлі байланыстары мен жаңалықтарын табуға болады. Осыдан өнер де сарқылмайды. Өз ойының толық болуы - бұл «бәрі» деген мағынаны білдірмейді. Натуралистің өзі солай жасаса керек. Өз ойының толық болуы немесе ой өрісінің дұрыс салынуы – бұл салынған затқа байланысты, оны толықтырып тұратын басқа қолмен ұстап, көзбен көретін заттардың комплексі, солардың талғам бойынша тізілуі немесе жиынтығы.
Реалистік өнер деп тағы заттың тұрмысына байланысты да айтуға болады. Яғни, заттық қатынастардағы заттың алатын орны басқа заттармен байланысы. Затты елестетудің пайда болу үрдісін, тез арада ойластырып, табуға болады: ол затты толық сезіну, жан-жақты қабылдау, қабылдаудың сапалық түрі. Бұл жерде квалификациялауымызға мүмкіндік аламыз. Ал бейнелерді елестету үрдісі - әлі де зерттелмеген үрдіс. Бұл үрдістің өзі проблема ретінде де зерттелмеген.
Стиль. Көптеген зерттелген материалдар бойынша қарастырсақ стиль жайында көп нәрсе айтуға, білуге болады. Өнердің теориясы белгілі бір практикадан кейін қарастырылады. Себебі ол, яғни стиль бірден пайда болмайды, ол бір ай немесе бір жыл, тіптен ғасырлар бойы пайда болатын суретшінің әдісі. Әр нәрсенәң стилі болады. Мысалға, сөйлеу стилі, киім стилі, актердің рольдерді ойнай алу стилі. Сурет пен суретшінің де стилі бұларға жат емес деп есептелінеді. Сонымен біз үшін суретшінің стилі «стиль» болып табылса, суретші үшін ол практикалық мағынада беріледі.
«Стиль»-суретшінің өзіндік жазуы, сызу мәнері десек қателеспеспіз. Тарихта стиль бірнеше атаулы ескерткіштер жиынтығын біріктіре отырып, одан ұқсастықтарды іздейді. Өнер теориясы жағынан қарастырсақ, стиль суретшінің сурет өнеріне деген көзқарасын, қолында бар материалын пайдалана білу өнері, шығармашылық қиял-ойын білдіретін әдісі, сонымен қатар стиль суретшінің әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және т.б. көзқарасы десек те болады. Стиль бұл жағдайда шеберліктің жоғары сатысы болып табылмақ. Сонымен қатар суретші өз стилін өзі табу керек.
«Стиль» суретшінің өмірдегі шығармашылық әдісіне сүйенеді. Теория мақсаты – суретті, бейнелеудің техникалық үрдісін, кеңістіктің ұйымдастырылуы т.б. белгілі бір әдіс немесе реалистік стиль элементтері ретінде қарастыру.
Суретті көргенде біз үшін – суретшінің суретті салу стилі болса, суретші үшін - ол әдіс. Жұмыс әдісі – суретші стилі. Сонымен стиль - білу мен түсіндіру әдісі, осы екеуі қосылып шығару әдісі. Стиль әр түрлі болуы мүмкін. Мысалға графикалық немесе бояулы, дәстүрлі немесе мағынасы бойынша тез өзгереді.
Дәстүр. Стильді тағы дәстүр деп те атайды. Дәстүр - бұл өте күшті, мықты, суреттің негізі, ал бір жағынан-консервативті, бірде пайда болып, бірде құлдырайды. Алайда дәстүр, стиль мағынасына қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады. Дәстүр - өте күшті фактор. Дәстүрдің күші суретшіге де, көрерменге де бірдей әсер етіп тұрады. Дәстүр күші белгілі бір сезім, қиялдың әдеті ғана емес, бұл материалдың техникалық өңделуі. Жаңа дәстүрді шығару, ойлап табу жаңашылдықпен, жаңа білім, ғылыммен байланысты. Техникалық жаңашылдық әрқашан да тұрақты дами бермейді, кейде бұдан суретшілер қолданылып жүрген әдіс пен стиль ыдырайды. Сонда да бұл іс-әрекет тек алға жылжушылықтың белгісі болып табылмақ. Дәстүр жақсы да, жаман да бола алады. Бір кездері дәстүр мен әдіс сәйкес келіп тұрып, бір кезде құлдырауы мүмкін. Егер сурет өнерінің негізіне тоқталатын болсақ, соның ішінде практикасын атап кетсек, онда бұл - пішін мен түс болады. Бұл мәселеге екі жақтан да қарауға болады. Бірінші жағы натурасы, яғни табиғилығы болса, екінші жағы – өнер.
Адам ойында әрбір заттың пішімі тұрақты болып келеді. Олар тұрмыс та, жұмыста да ауыспайды. Практикалық қажеттілік ерекше психикалық үйреншіктілікті тудырады. Оны біз елестету деп атаймыз. Затты тек көретіндіктен ғана салмаймыз, оны білетіндіктен саламыз. Яғни, оның қасиеті мен сапасын, конструкциясын, құрамын білеміз.
Бұған айтатын қарсылық та бар мысалға, егер біз түсін көрмесек онда сурет жұмысы іске аспайды. Форманы салуда еске алатын көптеген кезеңдер болады. Соның ішінде сезу мен жылжытушылық қасиеттері. Өзге де қасиеттер форма мағынасын ашады. Алайда аталып кеткен осы екі қасиет ерекше.
Түс пішінге тәуелді болады. Осы пішінге байланысты түстер жайлы тұрақты ұғым қалыптасады.
Кескіндеме өнері жайында айтқанда, түстану ұғымы біз үшін жаңа, спецификалық мағынаға ие болады. «Түс» ұғымы тұрмыста заттың түрлі-түске боялуы немесе соған керекті, түс беру сапасы мен қасиеті жиналған материал. Бояу мен түс суретшінің ойын білдіріп, табиғаттың дәл шынайылығын көрсетеді.
Осы шынайылыққа қарап, көрермен суреттегі бояуды емес табиғаттағы құбылысты көреді.
Яғни бояу мен түс арасында тепе-теңдік пайда болады. Осы кезде түстердің бір-біріне әсер етуін, бірін-бірі толықтыруы, ашып т.б. білуге болады. Бұлардың барлығы бір-біріне тәуелді, әрі байланысты. Түс зерттеу мен бақылаудың, шындықтағы түс құбылыстарының нәтижесі. Түстануда колорит және композиция деген ұғымдар бар. Олар бірге жүреді. Колорит ұғымы композиция ұғымы ретінде берілуі мүмкін.

ӘДЕБИЕТТЕР



        1. Щербаков М. Изобразительное искусство М., 1970.

        2. Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие. М., 1962.

3. Кибрик Е.А. Об искусстве и художниках. М., 1961.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада бейнелеу өнерінде, пішін мен түс айырмашылығы және шығармашылық үрдісі, стиль және дәстүр осы өнерлерге байланысты атауларды талдай отырып нақты түсінік берілген.


РЕЗЮМЕ
В статье сделан анализ происхождения понятий стиль, традиция, творческий процесс, цвет и форма, даны их определения.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет