Формирование профессиональных умений и навыков


пәнаралық байланысы негізінде Технология сабағында студенттердің эстетикалық талғамын дамыту



бет20/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
пәнаралық байланысы негізінде Технология сабағында студенттердің эстетикалық талғамын дамыту


Дарменова Р.А. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Я.А.Коменскийден бастау алып П.Г.Кулагин, Г.К.Шолпанкулова, М.М.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, Р.К.Аббасова, Т.Сабыров, Б.Т.Садыковтар қолдап, уағыздап жүрген пәнаралық байланыстың әдістемелік тәсілдері болашақ мұғалімнің біліктілігін, шеберлігін, эстетикалық талғамын арттырып, практикалық нақты нәтижеге жетудің даңғыл жолы екені сөзсіз. Әрбір болашақ мұғалім пәнаралық байланыстың әдістемелік жолдарын өзінің педагогикалық талабы мен қабілетіне, педагогикалық «Мен» мүмкіндігіне бейімдеп, озық педагогикалық теорияға негіздеп концептуалдық идеяны басшылыққа алып, практикалық нәтижені болжап, өзіндік түйген білімі мен тәжірибелерін жүйелі түрде шығармашылық шабытпен атқару қажет. Білім берудегі диалектикалық логиканың соңғы нүктесі, ол пәнаралық сабақтың әдістемелік тәсілдерінің көмегімен мақсат етіп қойылған нәтижеге жету, яғни пән, тақырыптың екі және көп жақтылық мағынасын көрсете отырып жалпы бірізділік, жүйелілік пен бірлік тұтастықты пайымдау. Осы көп жақты байланыс немесе бір тұтастық жүйелілікті П.Г.Кулагин «Межпредметные связи – это закономерность, которую необходимо учитывать при определении содержания форм, методов и приемов обучения школьников как на уроке так и во внеклассной работе», деп көрсетті. Сонымен пәнаралық байланыс маңыздылығы оның орындалуы соңғы кезде айтылып, бірақта толық шешімін тауып бір байламға келе алмай жүрген мәселе, екені анықталды. Әсіресе ғылымның көп саласын қамтитын технология сабақтарында бұл мәселенің әдістемелік тұрғыдан өз дәрежесінде шешілуі осы пәнаралық сабақтастықтың комплексті түрде барлық деңгейде педагогикалық ұжыммен студент оқушылардың ой-қиял, жадында болуына байланысты бір пән шеңберінде бұл мәселенің шешуін табу мүмкін емес. Себебі, пәнаралық байланыс Ю.А.Самарин айтқандай: тек өткен тақырыппен немесе алдағы тақырып пен немесе бір пән шеңберіндегі ғана байланыс емес басқа пәндермен де көпжақты ассоциативті (связь) салыстырмалы түрдегі байланыс. Пәнаралық байланыстың психологиялық негізін қалаған атақты психолог И.П.Павловтың өзі «в психологическом плане ассоциации – это связи между всеми формами отражения объективной деятельности» деп адамның білім деңгейін дамытуының физиологиялық мүмкіндіктерінің ғылым саласын меңгеруіне байланысты көрсетті. Мазмұндық ассоциациялық байланысты И.М.Сеченов өзінің «элементы мысли» және А.А.Смирнов «Проблемы психологии памяти» атты еңбектерінде жан-жақты талқылап мазмұндық сабақтастықты психологиялық ғылым тұрғыда анықтады.
Пәнаралық мазмұндық байланыс түрлі әдістемелік тәсілдердің инновациялық жолдарымен іске асырылуы мүмкін. Мысалы, неміс мұғалімдерінің ұстазы атанған, бүкіл Европа және бұрынғы Кеңес үкіметі қолдаған И.Ф.Гербарттың дәстүрлі әдістемесі және Джон Дьюидің реформаторлық дидактика деп аталып кеткен оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігінен туындайтын педоцентристік ынтымақтастық әдістемелері пәнаралық сабақтастықты жаңа педагогикалық технологияның инновациялық жолдарына негіздеуі осы бағытта белгілі нәтижеге жетудің бірден-бір жолы болып табылады. Пәнаралық байланыс нәтижелі әдістеме болғанымен, өте күрделі процесс екені белгілі. П.Г.Кулагиннің айтуынша, пәнаралық байланыс кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейтін нәрсе. Себебі, пәнаралық байланысқа уақыт жеткізу, немесе басқа пәндердегі заңдылықтарды жүйелі түрде өз пәнімен байланыстыру, көп білімділікті және педагогикалық шеберлікті талап етеді. Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, көп айтылып жүрген осы қарапайым пәнаралық сабақтастықтың өкінішке орай, өз дәрежесінде мұғалімдердің әдістемелік арсеналынан табыла бермеуі. Мысалы, кейбір ұстаздар өткен тақырыптың өзін қайталауға мардымды уақыт таба алмайды екен, себебі сабақта темп, жинақылық, нақтылық аз. Өте баяу, сылбыр, екіншілері уақыт тапқаны мен тек тақырып көлемінде ғана қайталанады, үшінші мұғалім жалпы қорытынды мен ғана қанағаттанады. Міне білім сапасының төмен деп айтуымыздың біздің ойымызша бір себебі осы пәнаралық байланысқа, әлі де болса әдістемелік тұрғыдан дұрыс, өз дәрежесінде көңіл бөлінбеудің әсері деп білеміз. Басқа пәндерде пәнаралық байланыс тек әңгіме жүзінде берілсе, технология пәндерінде үлгі және көрнекі материалдар арқылы беріліп, заттың құрамын, формасын, түр-сипатын, қажеттілігін, технологиялық процесін, болжап, ең бастысы қауіпсіздік ережесін сақтауды қажет етеді. Болашақ мұғалімдерді жаңа педагогикалық идеялармен, инновациялық жүйелермен, озық практикалық іс-шаралармен қаруландырып шығармашыл түрде зерттеуге баулу, педагогикалық оқу орындарының мызғымас міндеті. «Студенттің біліктігінің артуы осы оқу-тәрбие процесінің дұрыс ұйымдастырылуына және студенттің өзінің жұмыс істеу қабілетіне тәуелді» дей келе С.Қ.Исаева өзінің диссертациялық жұмысында осы ойды дамытып ғылыми теорияға негізделіп педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс, студенттердің біліктілігін, кәсіптік дайындығын дамытуға тиімді әсер етеді» деді. Сондықтан студент институт қабырғасында сан алуан пәндерден түйген білімін сараптап логикалық ой, жүйе айқындау қажет. Өзіндік талпыныс, құлшыныс, ізденістің тәлімгерлік қызметте қажеттігі мол. Сондықтан болашақ мұғалім 1-курстан бастап ғылыми-педагогикалық жұмысқа тартылуы қажет. Өзіндік жұмыстың кәсіби мамандықты шыңдауда, концептуалды педагогикалық қағиданы ұстанып ұстаздық жұмысты педагогикалық теорияға негіздеу табысқа жетудің көзі болып табылады.
Студенттердің пәнаралық байланысты, бірлікті пайымдап кәсіби шеберлігін шыңдауда өзіндік ұстанымы мен идеясы, тәрбиелік деңгейі анықталып, мақсат етіп қойылған мәселелерді жүйелей білуді қажет етеді. Осы жағдайлардың орындалу нәтижелігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды анықтау, студенттердің шығармашылық шабытын арттырады.
Басқа пәндер сияқты технология пәндерінде де студенттің еңбегін әділ бағалаған жөн. Жоғарыда көрсеткендей технология сабақтарының ерекшелігін ескерілуі қажет. Себебі, басталған тапсырма яғни киім үлгілері бірнеше сабаққа созылуы мүмкін. Сондықтан саралап деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану технология сабақтарында әбден орынды. Оқушы белгілі бір мақсат етіп қойылған операцияны, тетік-детальді немесе толығымен бұйымды орындауға мүмкіндік алады. Келесі сабақ логикалық жүйеде жалғасын тауып отырады. Тұтас идеяны жалғастырып отыру да ой-сананы дамытады. Студент өздігінше жаңалық ашып, келесі сабақты асыға күтеді. Сөйтіп, қызығушылық қабілеті артып, іздену үстінде болады. Студенттерге өзін-өзі және басқа студенттерді бағалауға мүмкіндік жасау керек. Өйткені, басқа студентті бақылап, бағалау үшін өзі де сол материалды жетік білуі керек.
Пәнаралық байланысты пайымдау оқу бағдарламасын құрудағы, дидактикалық қағида болып табылады. Мектептегі технология пәнінің басты міндеті - оқушыларды шығармашылық еңбекке баулу. Осы міндеттерді орындауда математика, сызу, физика, химия, биология курстары арасындағы пәнаралық байланыс оқушылардың әлемдік кеңістік, өлшемдік бірлік, физикалық құбылыс молекула атомдық құрылыс-қасиеттерін, биологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін түсініп біліп логикалық жүйе құру зат бұйымдарды әзірлеп дайындауға септігін тигізеді. Себебі, студент өмір заңдылықтарын түсінеді. Пәнаралық байланыс оқу материалын әзірлеуге де өзіндік әсерін тигізіп студенттің дүниетанымын кеңітіп, ойын логикалық жүйе түзуге әсер етеді. Студент жұмысқа асқан қызығушылықпен, ынта-ықыласымен кіріседі, оның үлгерімі артып, тәртібі түзеліп келешекте қас шебер білікті маман болуға тырысады. Сондықтан да «мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде» деп айтылуы дұрыс. Алға қойған мақсатты анықтай отырып, технология пәндерін оқыту барысында пәнаралық байланыстың инновациялық жолдарын енгізу арқылы студенттердің және олар арқылы оқушылардың да эстетикалық талғамын дамытудың педагогикалық мүмкіндігі мол. Мысалы, «Біртұтастық бірлестіктегі нәрселер сол бірізділік, байланыс күйінде берілуі керек» деп көрсеткен Я.А.Коменский, Қазақстан дидакты Р.Г.Лемберг дидактикалық очеркінде «мектеп және жоғары оқу орындарындағы пәндердің өмір заңдылықтарын түсіндіруге сабақтастық, бірізділік, мазмұндық біртұтастықтан көрі сәйкессіздік, шашыраңқылық, үйлесімсіздік басым» дей келе «жаратылыстың диалектикалық бірлестігін тек пәнаралық сабақтастық арқылы түсіндірудің педагогикалық мүмкіндіктері мол» деді. А.А.Бейсенбаева өзінің «Теория и практика гуманизации школьного образования» атты монографиясында пәнаралық сабақтастықтың педагогикалық мүмкіндігін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тұңғыш рет Қазақстанда дәлелдеп, ғылыми айналымға «межпредметная интеграция знаний» деген терминді ендірді және интеграция - әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздеп жақын мағыналас пәндердің өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, болашақ мұғалімнің білімін тереңдетіп эстетикалық талғамын арттыруға септігін тигізеді”- деді. Біздің зерттеу мәселемізге жақын сабақтастық идеяны ұстанған А.Я.Данилюк, өзінің «Межпредметные связи как педагогическая проблема» атты мақаласында «пәнаралық байланыс оқушылардың ғаламдық заңдылықтардың біртұтастығы жайлы ойын жүйелеуге септігін тигізеді», десе Д.Зверевтің, «Бір пән шеңберінде анықталмайтын кейбір заңдылықтар бірнеше пәндер арқылы берілетін мәліметтер көмегімен ғана анықталады» деп пәнаралық байланыстың инновациялық жолдарын көрсетті. Технология сабақтарындағы пәнаралық сабақтарының теориялық және практикалық мүмкіндігін С.Я.Батышев ”трудовая подготовка школьников” атты еңбегінде жан-жақты ашып көрсетті.
Осы пәнаралық байланысты көпсалалы, көп функционалды тұрғыда қарастырған Кулагин П.Г. өзінің «Влияние межпредметных связей на усвоение программного материала в вечерней школе» атты диссертациялық жұмысында жаңа материалдарды пәнаралық бірлестіктің инновациялық әдістемелерін пайымдауды қолдады. Осы педагог – ғалымдардың ой тұжырымдарын толығымен қолдай отырып зерттеу нәтижесінде педагогикалық категорияға жататын пәнаралық байланысты – ғаламдық біртұтастық диалектикалық заңдылықтарды ғылыми тұрғыда, жүйелі түрде қарастырып пәндік бірлестік негізде жаңа мазмұндық идеяға жетелейтін педагогикалық процесс, дей келе пәнаралық байланысты хронологиялық (жүйелі, тізбекті) және хронометриялық (тақырыптық, мазмұндық) байланыста қарастыра отырып үш негізгі формаға бөлдік. Олар пән, тақырып құрамы мен мазмұны; байланыс бағыты, түрі, тәсілі; әрбір тақырыптың пәнаралық байланыс бірлестік элементтерінің жүйесі, инновациялық жолдары.
Пәнаралық байланыстың формасын, типін және түрін классификациялайтын болсақ:





Пәнаралық байланыстың формалары

Пәнаралық
байланыстың типтері

Пәнаралық байланыстың
түрлері

1

Тақырып құрамы жағынан

Мазмұндық



Дәлелді деректер, заңды фактілер, ғылыми теория.

Операциялық

Біліктілік, жүйелік, ептілік, ойлау қабілеті

Әдістемелік

Педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану

Ұйымдастырушылық

Оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді формасы мен тәсілі.

2

Байланыс бағыты бойынша

  1. Біржақты

  2. Екіжақты

  3. Көпжақты

Тура байланыс,
Апперцептік-кері байланыс, вертикальді және горизонтальді.

3

Элементтердің байланысу тәсілі (ассоциациялық–связь)
Байланысу вариантының түрлілігі

Хронологиялық

1.Сабақтастық жалғастық (преемственность)
2.Синхрондық (сәйкестік)
3.Келешектегі (перспективный)

Хронометриялық



1.Локальді (нақты бөлім)
2.Орташа мерзімді
3.Ұзақ мерзімді

2-ші курс студенттерімен салалық мататану пәнінен өткізілген «Талшықтар туралы жалпы мағлұмат» атты тақырыпты талдайық. Мұнда сабақ барысы, тақырыптың мақсаты, басқа пәндермен мазмұндық байланысы көрсетілген.



Тақырыптың мазмұны

Тақырыпты ашу үшін, басқа пәндермен байланысы

Талшықтар туралы жалпы мағлұмат.
Талшық деп ұзындығы
көлденеңінен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі
мықты затты айтады.
Талшықтарды топтастыру, олардың тегіне, алынуына және құрамына байланысты жасалынады.
Таза және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді.

Химия: Минералдық талшықтардың негізі бейорга-никалық заттар. Өсімдік талшықтарының негізі күр-делі органикалық қосынды-целлюлоза, яғни көмір-тегі, оттегі және сутегімен құрылған клетчаткалар. Синтетикалық талшықтардың негізінде күрделі органикалық қосындылар-полимерлер.
Физика: талшықтардың негізгі қасиетіне олардың
сызықтық тығыздығы, ұзындығы, мықтылығы,
созылғыштығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, гигиеналық қасиеттері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет