17.Жүрек қызметінің реттелуі(жүйкелік,рефлекстік,гуморалдық) Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі.Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан,проприорецепторлардан,интерорецепторлардан,рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты(аорталық,сино-каротидтік,лөкпелік,Бейинбридж аймағы).