ФөТ мамандығы бойынша Физиология анатомия негіздерімен пәнінен



бет6/29
Дата29.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#137195
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
рубежка физио

Физиологиялық:
HbO2 - оксигемоглобин
HbCO2 - карбогемоглобин
HHb - тотықсызданған гемоглобин
Патологиялық:
HbCO - карбоксигемоглобин
HbOH - метгемоглобин
HbS - сульфгемоглобин
Hb қалыпты мөлшері:
ерлер – 130-160 г/л
әйелдер – 120-140 г/л
ең жоғары мөлшері 166,7 г/л
6.Гемолиз және оның түрлері.
Гемолиз-қанға байланысты. Ол эртитроцяиттердің қабығы жарылған немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Ол гемолизденген қан болып табылады. Оны түсі болмайды. Мөлдір түсті болады. Гемолизді лак тәрізді қан деп те атайды.
Әсер ету түріне қарай гемолизді жеті түрге бөлеміз:
1.Осмостық гемолиз. Осмостық гемолиз эритроциттердің ішіндегі және сыртындағы осмостық қысымның айырмашылығынан пайда болады. Осмостық қысым – клетка ішінде жоғары концентрациялы белоктың пайда болуына қатысады, молекуласы төмен заттардың концентрациясының орнын толтырады. Сондықтан эритроциттердің осмостық қысымы плазмадан едәуір жоғары: қалыпты тургорды қамтамасыз ету үшін оның мөлшері жеткілікті. Эритроцит мембранасы әртүрлі молекуласы төмен заттарды өткізеді. Сол себепті иондарды тасымалдау белсенділігі төмендеп (клеткадан мебрана арқылы Na+, К+, Na+ , ал клеткаға К+ белсенді тасымалдайды), олардың трансмембраналық концентрациялық градиенті төмендейді. Клетка ішіндегі заттардың көп бөлігін белоктар құрайды, бұл үнемі сақталады және теңеспейді. Нәтижесінде эритроциттердің осмостық қысымы көтеріліп, эритроцитке су кіре бастайды. Бұл саңылаулардың созылуына әкеледі және мембрана бұзылмайынша плазмадан гемоглобин шықпайды. Бұл осмостық гемолиз деп аталады. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын зерттегенде гипотониялық ортада жүзеге асырылады.
2.Физиологиялық гемолиз. Сау адамда болатын гемолиз түрі. Физиологиялық гемолиз кезінде ескірген эритроциттер жарылып, жаңа эритроциттер түзіледі. Ал жалпы эритроцит 130 күнге дейін жасауы мүмкін.
3. Термиялық гемолиз. Температураға байланысты. Қанның бірде суып немесе жылып кетуінен болады. Қан 42 C тан асса гемолизденеді.
4.Электрлік гемолиз. Электр тогы әсерінен болады. Яғни, бойында тогы бар заттар эритроцит қабыған жарып жібереді.
5.Химиялық гемолиз. Мембрананы ерітетін химиялық заттардың әсерінен болады. Оларға мысалы: сірке қышқылы, сілтілер жатады.
6. Биологиялық гемолиз. Жануарлардан, өсімдіктерден немесе құрттардан алынатын улы заттардың әсерінен болатын гемолиз түрі. Олардың бөліп шығаратын заттары қанға түскен жағдайда , эритроцит қабығы жарылып, қан гемолизденеді.Жәнеде гемолизденген қанның өзі улы болып табылады.
7.Механикалық гемолиз. Қанды тасымалдау барысында болады. Яғни , қанды шайқаған кезде эритроцит мемраналары жарылып гемолизге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет