-заттар мен кұбылыстардың ұқсас белгілері мен қасиеттері аталады; - логикалық ұқсас белгілер таңбаланады; - функционалдық белгілерінің ұксастығы көрініс табады Фразеологиялық бірліктердің көпмағыналылығы лебіздегі қолданыста біршама жиі ұшырасатын кұбылыс, сондықтан оны арнайы зерттеудің өзектілігі бар. Бұл фразеологиялық бірліктердің терең мағыналық құрылымын анықтап, оның даму сипатын тану үшін де қажет саналады [2,185-187]. Фразеологиялық бірліктердің негізгі ерекше белгісінің бірі – мағыналық құрылымының тұтастығы. Осы қасиетіне қарай орыс ғалымы В.В.Виноградов фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек деп үш топқа ажыратады. Қазақ тіл білімінде жазылған көптеген ғылыми зерттеулер мен окулықтарда, оқу құралдарында, негізінен, осы бағыт сақталады. Қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктердің өзінің терең ішкі мағыналық кұрылымын зерделеу арқылы оларды жүйелеп, жіктey орынды болмақ. Осы орайда фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктің айырмасынан гөрі ұксастығы, жақындығы басым екендігіне, екеуінде де «құрамындағы сөздердің біp-бірімен тұтасып, әбден жымдасып, кеткен, олардың мағыналық жігін ашқандай ажыратуға болмайтынын» анғару қиын емес. Мәселен, мұрнынан шаншылу, жағына пышақ жаншығандай деген фразеологиялық тұтастық пен жатқан жыланның құйрығын басу дегеннің фразеологиялық бірлік екенін мағыналық және тұлғалық тұрғыдан айыру қиын. Екі түрдегі фразеологиялық бірліктердің де мағыналық кұрылымы күрделі, ерекше семаларында абстракциялану, лексикалану арқылы жасалған жаңа туынды мағына бар, құрамыңдағы сөздер бір-бірімен тұтаса жымдасып, жеке атау ретінде даралық қалыпқа жеткен, экспрессивтік-эмоциялық мән беретін тұлғалар. Жағына пышақ жанығандай дегенді арық, жүдеу деп түсінсек, оның ішкі мағыналық құрылымының осы сөздер арқылы уәжделетінін де аңғару қиын емес, пышақты қайраққа, тасқа жану процесі мен арық беттің сүйегіне жанудың арасындағы ұқсастық, жақындық мән абстракциялық таным нәтижесінде дами келе жаңа ерекше сема қалыптастырған. Мұндағы туынды сема - арықтық, жүдеулік, ол еркін тіркес калпындағы негізгі сема арқылы уәжделіп, шеткі семантикалық өрістe сақталады. Олай болса, қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктердің терең iшкі мағыналық кұрылымында фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірлік деп бөлерліктей үлкен айырым белгі жоқ әpi фразеологиялық бірліктің қайсысын кайсысына жатқызу керектігін анықтайтын шартты белгі табу қиын. Лебіздегі қолданысында да олардың айырым белгіcі көрініс бермейді Фразеологиялық бірліктерді зерттеудің жаңа бағыты, жаңа парадигмасы болып табылатын когнитивтік талдау негіздері В.Н.Телия ілімінде көрініс тапты. Тілдік таңбаның ерекше түрі болып табылатын фразеологиялық бірліктерде ұлттық мәдени жемістері, яғни халық ауыз әдебиеті, діни философиясы, салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптары, дүниетанымы кездерінің іздері жатыр. Кез - келген фраземаның пайда болуының мотивінің бар екені, ол мотивтің кездері кейде белгілі болса, кейде уақыт кеңістігіне орай оларды деп басып ашу оңайға түспейді. Осы халықтың ұрпақтан - ұрпаққа архисемалық код ретінде жалғасып, бүгінгі күнге дейін сақталған әдет - ғұрыптарда да фразеологизм мотивінің іздері айқын байқалады. Мәселен, қазақ халқында аяғына жығылу деген ғұрып бар. Фразеологиялық сөздікте «кешірім сұрау» деген мағынада қолданылатын фразема. Аяғына жығылу-кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі. Бұл айыпты өтеу үшін, айыпкер жанына беделді адамдар ертіп барып кешірім сұрайды. Кейде іс насырға шауып, қиындап кетсе, айыпкер кешірім сұраушы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім өтінген. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш деген мақалдың түп негізі де осында. Ғұрып бойынша аяғына жығылу жазамен бірдей болып есептелінген. Келесі фразеологиялық бірлік - кек алу. Бұл фраземаның мотивінде де кезіндегі дәстүр негізіндегі ақаиқат жатыр. Жауласу, барымта, малын қуып кету және т.б. оқиғалар көп кезде, оның арты кек алу сияқты қатты қимылдарға ұласқан. Қанға-қан, жанға-жан немесе жауының қанын ішу деген фраземалар осы дәстүрдің дәлелі. Дұшпанның ел-жұртын шауып, басшысын өлтірсе кек кайтқаны. Батырлар үшін қас дұшпанын өлтіріп, оның қанын ішу жеңістің зор белгісі болған. Осы ретте айта кететін тағы да бір жайт, тілде кездесетін жүрек жұтқан «хас батыр, ержүрек» мағынасындағы фраземаның пайда болу мотиві де кек алу дәстүрімен тікелей байланысты. Батыр өзінің дұшпанын өлтіріп қана қоймай, оның жүрегін жұлып алып, қанжығасына салған немесе оның жүрегін жұтқан. Сондықтан да «ержүрек, батыр, алып» мағынасындағы жүрек жұтқан фраземасы жұмсалады. Фразеологизмдердегі әдет-ғұрып көздерін дәлеледей түсетін тілде материалдар саны мен фактілер аз емес. Мәселен, құмалақ салу халық салты немесе болжау деп аталады. Халык тәжірибесінде құмалақ салып, болашақты болжайтын ғұрып бар. Оның саны 41 болады. Олар дәннен, ерік суйегінен кейде қойдың құмалағынан да жасалады. Басқа заттардан жасалған құмалақ «сейлемейді» деп дәлелденген. Құмалақ салудың құпия сырлары өте көп. Оның өзіндік атаулары бар. Мысалы, кұмалақтың түсуіне қарай ашпас әліп, жеті әліп, оң көз, көз түсу, маңдайы ашық, босағасы берік, құйысқаны көтеріліп тұр, пайғамбардың қара қасқасы, пешенесi бестен түсу және т.б. болып келеді. Құмалақ салушы құмалақшылар қазір де халық apасында кеп тараған «мамандардың» біpі.