Фразеологиялық бірліктердің мағыналық құрылымы


Фразеологиялық бірліктердің омонимдігі – тұлғасы мен грамматикалық құрылымы бірдей, қазіргі тілдік қолданыстағы мағыналарының басқа-басқа болуы



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі294,29 Kb.
#119306
1   2   3   4   5
Байланысты:
205-18 Қалжан Әселхан 5 Бөж

1.Фразеологиялық бірліктердің омонимдігі – тұлғасы мен грамматикалық құрылымы бірдей, қазіргі тілдік қолданыстағы мағыналарының басқа-басқа болуы:
найзамды әпер:1) ұрысқақ, жеңілтек кісі; 2)алып қашпа ат; жылқы мінезді адам: 1) шыдамды, төзімді; 2) менсінбей кету, жылқы тәрізді осқырып кету; жылан жалағандай: 1) еш нәрсе жоқ, түк қалдырмай, тып-типыл қылған; 2) тап-таза, мұнтаздай; жұлдызы жарқын: 1) өмірі кіршіксіз; 2) беті ашық; т.б.
2.Фразеологиялық бірліктердің синонимдігі – тұлғаланалуы әр түрлі болғанымен, бір-біріне жақын ұғымдарды таңбалауы.
Мысалы: жер түбі, алты айшылық жер, жеті қабат жер астында, ит жеккен жер, ит арқасы қиянда, ит өлген жер – қашық мағынасын білдіреді; жұлдызы жоғары, бағы жанды, бағы ашылды, қолына бақ құсы қонды, жұлдызы оңынан туды, бақ қонды, басына қыдыр дарыды, бағы асты, бағы ашылды, тасы өрге домалады, маңдайы ашылды – бақытты болу мағынасында; бабын білді, діттеген ойына жетті, тілегін тапты, баптауын білді – бабын тапты – ойлаған ойына, арманына жетті мағынасында; т.б. Қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктердің синонимдік қатар құруы белсенді, әрі лебізде жиі кездеседі. Мұның өзі ойдың әсерлілігін, мазмұн тереңдігін, сөз кестелігін, әуезділігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет