Құтты болсын айту (дәстүр) // құттықтау. Бала туған, келін түскен, қуаныш болған үйге қайырлы болсын, құтты болсын және т.б. игі ниеттер тілеп келу. Сәлем беру, сәлем ету (дәстүр) // амандасу. Бұл дәстүрдің бірнеше түрлері бар:
1. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы жасы үлкен ақсақалға әдейі іздеп келіп сәлем беру. Tілдегі алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал тұрып сәлем берген деген аталы сөз осының айғағы. 2. Ата - ене, кайынаға және т.б. сыйлы кісілер кездескенде, көргенді келін оларға иіліп сәлем берген. Сонымен қатар үлкен кіcілерге табақ тартқанда да келін сәлем берген. Дәстүр бойынша, келіндеріңіз сәлем жасап жатыр деп хабарлайды. Кез-келген халықтың дүниетанымында түс көрудің өзі белгілі рөль атқарады. Мысалы, қазақ халықының түс жорушылары былай дейді: егер түсінде ит қауып алса немесе ит қуып жүрсе жаман қаyiп- қатердің белгісі. Ал орыс халқы итті символ ретінде қолданады. Егер ит түсінде бірдеңе тастауыңды күтіп тұрса, саған назар аудармаса, қарсыласың жеңіледі, ал егер кішкентай күшік үрсе, онда ұрысқа дайындала бер деген түсінік қалыптасқан.
Қол ұшын беру // көмектесу. Бітер істің басына, жақсы келер қасына деген мақалдың тағдыры дәстүрмен де, фразамен де тығыз байланысты.
Жан беру // қайтыс болу. Ғұрып бойынша ауыр жазаға не өлімге кесілген адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам жан беруге шығады. Бұл жазаланатын адамның ақтығын білдіретін белгі болған. Кепілдік беруші адам өлік кұрған шымылдыққа немеес қабір ішіне кіріп құран ұстап, жанымды берейін, өтірік айтсам құдай тапсын, иманым бұйырмасын! немесе арyақ соқсын! деп ант-су ішетін болған. Қазіргі тілдегі фразема түрінде қайтыс болу мағынасында қолданылатын жан беру тіркесінің мәдени коды осында болар деген ой туындайды.
Халықтың әлемдік дүниетанымында, аңыздарында иттің символы, оның бейнесі мен оған қатысы әр түрлі дәрежеде көрініс тапқан. Мәселен, ақтектер үшін ит қасиетті, иттің көмегімен олардың жаны мәңгі, сондықтан өліп бара жатқан адамның алдында міндетті түрде ит болуы қажет болған. Ирандықтарда, ит - таза жануар деп саналады. Тува, эвен, чукча, нивх аныздарында ит көктен түскен хайуан деп саналады. Африка тайпасындағы бербер тілінде сейлейтіндер итті лас деп ecептеп, итті өлтірген адамдардың өзін күнәлі деп есептеген. Қазақ халқы үшін ит – ырыс,байлық, молшылық: ит көзітекті бұрын тоздырған, жақсы ит өлімтігін көрсетпейді, ит басына іркіт төгілген заман деген тіркестер осының айғағы.