Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60 – жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, олраға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың «қазақ мақал – мәтелдерінің лексика – стелистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертциясында, С.Исаевтың «қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың «қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері», М. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер» мақалалры мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың «Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е.Бектұрғановтың «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.

Академик І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фрозаны қамтыған «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты. Үшінші кезең – қазақ фразеологиясын жан – жақты зерттеу кезеңі. 80 – жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы біргу жолдарына (калькалау жолымен, дәл баламасының берілуіне) назар аударды. Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копаленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжрибелері жүзеге асты. Р.М.Таев пен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс – компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.