Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде «Қазақша – Орысша фразеологиялық сөздік» жасалды.
Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде «Қазақша – Орысша фразеологиялық сөздік» жасалды.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік – тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р.Сыздықованың «Қадырғали Жалайридің «Жами-ат-тауарих» атты шығармасындағы тұрақты тіркестер» (5.) еңбегі – диахронды фразеологиялық зерттеу.Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 – жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан – жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени – танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.
С.Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығана байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берді, ал Қ.Ғабитханұлы наным – сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б.Қызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.

Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле – зерттеу – қазақ фразеологизмдеррін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың «Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері» докторлық диссертацияларын атауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қорытындылай келе айтатын болсақ біз бұл слайдта фразеология, фразеологизм және олардың зерттелу жолдарын қарастырдық. Осы алған біліміміз есте қалып болашақта көмегі тиеді деп ойлаймын.