«Жанды-жақты» концептісі Шығыс Қазақстан аймағында мынадай көрініс тапқан: Қаракесек көп пе, қара шыбын көп пе? отыз ұлды Қожан; Құлыншақтың бес қасқасы; бес бәйтен, жеті самай; жаныс көп пе, қамыс көп пе? тоғыз үй Тоқпанбет; үш көнші; жеті жолымбет; тобай ұлы орыстан да көп; тоғыз тума; Әдеттің алты қасқыры; алты ақша, үш тілеуберді, тоғыз тума, үйде Шоңы бар, түзде Шорманы бардың не арманы бар; Қыдыралы, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің; төлеңгіт – Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған ел және т.б.
Қазақы ұғымда туыстық қатынасты саралауда сүйегі, табы, тармағы, руы деп тарата айтатын үрдіс қалыптасқан. Берілген контекстегі «жанды-жақты» сөзі өз кезегінде қазақы жіктелімге сәйкес мағыналық жүк жинаған сөздердің бірі. Іштей туыстық қатынасқа негізделген, алыс болса да қандас туыстардың күнделікті тұрмыс барысында атқарылатын шаруалардың ретін келтіріп, мыңдаған әрекеттердің басын ортақ мақсатқа жұмылдыра білген, әлеуеті қуатты, барыс-келіс, алыс-беріске оңтайланған, өз қажетін өтейтін, табысын еселейтін іске барлық ағайын-туған жұмыла кірісіп, «өз таныс», «көз танысты» оң жағына ала отырып, мәселесін өз пайдасына ғана шешетін, ұйымшылдығы жарасқан, «өз» бен «өзгелер» санасатын, құрығы ұзын әулет туралы мағлұмат беретін сөз ретінде алынды. Көшпелі елдің салтында жанды-жақты болған өз еліңде бедел, сыртқы жауға айбар саналған.
Достарыңызбен бөлісу: |