«Фразеологизмдердің лингво мәдени ерекшеліктері»



бет18/30
Дата07.02.2022
өлшемі72,69 Kb.
#95902
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
118bd8f1-8ca5-11e3-bf6e-f6d299da70eeфраз

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар. Алматы, 2000. Автореферат.


10-дәріс. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этномәдени негіздері.

Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері. Фразеологизмдердің материалдық мәдениетке қатысы. 

Ұлттық мәдениетті тіл арқылы тану, рухани мәдениетке жататын тілдік бірлік ретндегі фразеологизмдер арқылы танудың маңызы өте зор. Ру-тайпа одағы қоғамдық құқықтық қатынастар институты, ол құқықтық қатынастарды реттейді, ол қоғам мүшелерінің (жүз, тайпа, ру, тап, тармақ т.б.) әлеуметтік қатынастарына қызмет етеді, ол ру-тайпа мүшелерінің мәдени қатынасына қызмет етеді; ол жалпы адамзаттың ұлттық құндылықтары негізінде тәрбие ісіне қызмет етеді; ол санаға, қоғамдық санаға сөз арқылы әсер етуге қызмет етеді. Ру-тайпа құқықтық мәдениет әлеуметтік этика  тәрбие  ұлттық құндылық  қоғамдық стереотип  ұлтық менталитет ретінде қарастыруға болатынын көреміз, оны жоғарыдағы сызбадан көруге болады. 

Ұлттық болмыс тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік этиканың қалыптануында адамның өткендегі тәжірбиесі маңызды орын алады. Мысалы, қазақы ұғымда қуанышты жағдайды қабылдаудың өз ерекшелігі бар. Құнанбайдың немере інісі Ақбердіге Құнабайдың «Бетқұдықты Ақбердіге берсін!», – деген сәлемін әкелген Абайға Құлыншақ ақын: «Ақберді, Ақберді, Ақбердіге Құдай бақ берді», – деп тақпақтай бергенде, Бала Абай іле жөнеліп: «Бақ берген емей немене, Борсақтан қалған аз жерді «Менікі» деп тап берді деген екен. Ақберді, Ақберді, Ақбердіге Құдай бақ берді мағыналық бірлігі осы бір қуанышты оқиғадан кейін ел аузында қалса керек. Ұлттық қабылдау, ұлттық түсінікте бақты берейін десе, бір-ақ сәтте бере салар деген қағида қалыптасқан, сонымен қатар есте қаларлық жағдайда өлең сөзбен термелей жөнелу бұл да қазақы топырақтан өніп шыққан бір белгі [161, 147 б.]. Ұлттық менталитет. Қазақ халқы салт-дәстүрін, әдет-ғұрпынан бой тартпаған халық. Көптеген күрмеуі қиын мәселе дала дәстүрі негізінде шешіліп отырған. Мысалы, өліп кетті Өтекең, майға толды Көтекең тұрақты тіркесінен жол-жоралғы негізіндегі даулы мәселенің оңтайлы шешімін тапқанын көреміз. Айдабол балаларының арғы атасының аты Көтібақ болса керек. Ауыл ішіндегі істің аяғы насырға шауып (Абыралы жерінде), кісіге жазығы жоқ, көпшіл де діншіл жан Өтебай қазаға ұшырайды. Екі ауыл да бір Үсеннің балаларынан. Елдің тыныштығын, азаматтардың амандығын қалайық дей отырып, сол елдің болысы, Ноха қажы 2000 теңгедей ақшалай құн кескен екен. Жоғарыдағы сөзді Өтебайдың құрдасы Күлшім деген айтып, елге таралып кетіпті. Ағайын арасына жік түспеуін көздеген шешім қалыптасқан дәстүр негізінде оң шешімін тапқан [162, 110 б.]. 

Қоғамдық стереотип. Халық рухының өмірлік мәні оның тілінде сақталған. Сондықтан кез келген мағыналық – бірлік ру-тайпа өмірінің мәнді бір бөлшегі. Қазақ халқының өзіндік сөйлеу өнері қалыптасқан. Шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Сол себепті шешен де шебер сөйлеудің қыр-сырын жетік білген қазақ халқының ұлттық сөйлеу ерекшеліктерін төмендегідей бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден, қазақ үйіне келген адамды бірден әңгімеге тартпаған, алдымен сый-құрметін көрсетіп, ыңғайы келді-ау дегенде, қалыптасқан жөн-жоба негізінде көңіл-қошын білдірген. Екіншіден,әңгімелесу ахуалында айтылған сөздің астарлы мағынасына көз жеткізіп барып қана, өз ойын айтқан. Қазақ көп жағдайда қойылған сұраққа бірден жауап қайтармаған. Үшіншіден, тілдесудің ойдағыдай өтуінің этикалық шарты бар. Сөйлеушіге оң пейіл білдіру, тілдесуге ықыласты екеніңді көрсету, оның сөзін түсіністікпен ден қоя тыңдау т.б. сондай-ақ әңгімеге, сөзге құлақ түріп, назар аударудың вербалды белгісі – қоштау таныту арқылы жүзеге асады. Қазақ амандасудан бастап қоштасуға дейін тиісті қалыптанған жазылмаған ережені сақтайды. Қазаққа кеңдік, есептеспеушілік, «бір Алла біледі» деушілік, қанағат, тәубеге келушілік қасиеттері тән. Сөздікте берілген тұрақты тіркестерден ұлттың ерекшелігін бағамдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет