Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.
2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989
15-дәріс. Ұлттық сана және тіл. Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті.
Ұлттық сана және тіл. Сөз мәдениеті – ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, Отанды, Тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді. Тілді, елді, елдің ғасырлар бойы жасаған рухани, материалдық дүниесін жақсы көру сезімі қай кезде болсын қазақ халқында жеткілікті болған. «Қазақ» дегенде «Тіл» дегенде басқасынан бұрын сезімнің буырқанып кететін де сондықтан. Мысалы, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы намыстың отын үрлеп, қалғып кеткен ұлттық сананы оятты.
1972 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдастыруымен және баспасы, радио-телевизия қызметкерлерінің аудармашы, журналисттердің қатысуымен «Тіл мәдениеті және баспасөз» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияны ана тілінің тазалығы, ана тілін дамыту, ана тілін қастерлеу, дәріптелу рухында өтті. Көрнекті тіл мамандары І.Кеңесбаев, әсіресе М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова т.б. ат салысумен болған бұл жиынның ұйытқысы Тіл білімі институты болдыАкад. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің», проф. А.Ысқақовтың басқаруымен құрастырылған онтомдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» жарық көруі әдеби тілдің нормаларын танытудағы лексика-фразеологиялық байлығын жүйелеп, тәртіпке келтірген лингвистикалық мәні ерекше еңбек екені өз алдына, мұндай рухани дүние ұлттық сананы байытып, әртүрлі ұғымдардың тілдік тұлғаның, тілдік ұжымның санасында вербалдануына, сөйтіп, когнитивтік санадағы білімдер жүйесін орнықтыруға, байытуға ықпал ететін тілдік құралдар болғаны даусыз. Адам санасындағы ақиқат дүние туралы ақпараттар – сыртқы дүниенің тілдік тұлға санасындағы моделі.
Достарыңызбен бөлісу: |