«Фразеологизмдердің лингво мәдени ерекшеліктері»



бет25/30
Дата07.02.2022
өлшемі72,69 Kb.
#95902
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
118bd8f1-8ca5-11e3-bf6e-f6d299da70eeфраз

«Кесірлік» концептісі

1 өріс – мысқылдағыш

Ашыған көжеге мас болған тоғаспысың?; үш айлық хан Тоғас; тоғалақ келді деп жардан құлаймыз ба? тоғалақ, неғып жүрсің жағалап?; туматай туыс, көті қуыс, бәрін жиып бір-ақ уыс; 

2 өріс – мақтаншақ 

Он жеті ұлды Бертіс; Қарқаралы хан Бертіс; керейдің жігіттері төр бермейді, қыздары сөз бермейді; 

3 өріс – қырсық

Қисая қалса, қыржы болғаны; қыржи, Мәмбетқұл, қыржи; қыңырайған қыржы; қыржаңға өкпелеген – қыржы. 

«Оспадарлық» концептісі

Ұр да жық

Атап айтқанда, өзен бойындағы жерге таласып, дерек ретінде алынған бейіттің орнын тегістеп, үстіне қой түнеткеннен: мола бұзған Сәдімбек; жайбарақат қымыз ішіп отырған ауылдың үстінен жүріп өткен құйынды аңдамай «аттанға» басып, елді қырып ала жаздағаннан: құйынға шапқан Асан [208, 45-46 бб. ]; барымта кезінде мен шормын, шормын, Құдайдан да зормын деп шабатын болғандықтан осы тіркес және мінез алдың-дұлдыңдығына байланысты: Үркештің үргенінен сақта; Саманжанның сары жұдырығынан сақта; қанды Қареке; тоқабай сарыны сәнге сабайды; садырмысың, мінезің шадырмысың?; Атап айтқанда:

Бүлдіруші

Арғын бүлінсе – Әйбикеден, найман бүлінсе – Жәмбикеден, үйсін бүлінсе  Күнбикеден; ел бүлігі тобықты, көп пысыққа молықты; тобықтының қаны сұйық; қыпшақ бұзады, арғын түзейді; қыпшақтың қарасы ашуланшақ, омырау келеді; сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді.

Алауыздық

Бұланның асының берекесіндей; екі ақымбет қатар қонбас; байғана, қия жерден тайғана; ешкінің тілін кескен Байбөрді; бәйкісіге билік берме; малды сақау бүлдіреді – халықты жақау бүлдіреді; жеті кезеңде жеті ешкісі үсіп өлген Құлеке; жанболат ұрпақтары кейде сегіз, кейде алтау; қазымбеттің отауы он үйден аспасын.

«Сараң- пайдакүнем» концептісі

Сараң

Айбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон; Қожамқұлдың үйіне қонғанша, Дәуленнің жұртына қон;өңшең мамай етке тойып, жалғыз қабасты сыртқа қойған; 

Пайдакүнем

Тұрмыс – болмыс айнасы. Оған мына бір мысалды тілге тиек етейік: көнші пайдақорлықты сүйеді, атақозы адалдықты сүйеді; Мамырбай құда болыпты, Жасыбайға демекке, Жасыбай құда болыпты, Мамырбайды жемекке (Жасыбай – тума қылыш, Мамырбай – тарақты) Тарақты мен тума Жамбастоған мен Жұмыршақта қойы қоралас, ауылы аралас тату-тәтті өмір сүрген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет