«Фразеологизмдердің лингво мәдени ерекшеліктері»



бет24/30
Дата07.02.2022
өлшемі72,69 Kb.
#95902
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
118bd8f1-8ca5-11e3-bf6e-f6d299da70eeфраз

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.

2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.

3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989


14-дәріс. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымсыз мәндегі концепт жасауға қатысы. «Берекесіз», «Кесірлік», «Оспадарлық» концептісі.

«Берекесіз» концептісі

Жалпы редакциясын танымал ғалым Т. Жанұзақов басқарған «Қазақ тілінің сөздігінде» берекесіз сөзіне: 1) бей-берекет, қалай болса солай; 2) тоқтауы жоқ пәтуасыз, тұрлаусыз, шалағай [197, 97 б.] деген түсініктеме берілген. Берекесіздік – іштей байланысты тұтастықты мінажат етпей, дегбірсіздікпен, ақыл таяздығынан, кісілік парасаттылығы, адамгершілік санасы жүрдім-бардымдау болғандықтан, алдың-дұлдың мінезбен маңайындағылардың шырқын бұзу, мазасын кетіру сонымен қатар жөн-жосық, жоралғыны белінен басып, жүйесіздікке, ретсіздікке бой ұру. Даукес

Қазақ «өспейтін адам, өнбес дау қуады» дейді. Осы пәлсапаның айнымас бір тармағы іспеттес ру, оның табы, тармағы атауларынан қалыптасқан мағыналық бірліктер. Шығыс Қазақстан, оның ішінде Семей, Ақсуат өңірінде даукестіктің символы ретінде есенамандықтар жайлы өте жиі айтылатын сөз-дерек бар. Мысалы: 1-аңыз:

Абай төбе би болатын Шар өзені бойындағы Қарамола съезі тарихқа мәлім. Сонда Найманның Есенаман руынан съезге көп келіпті. Олар өңшең өкпешіл, даукес адамдар. Көбінің ісі итпен байланысты. Бірі жоғалған итін т.б. айтып, әйтеуір есе бермепті. Содан «Қырық иттің құнын даулаған – Есенаман» атанып кетіпті [ 198]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет